Аналар қайырымдылық көрсетті

 31 қазан күні Андерсон отбасылық дәмханасында Active mama іс-шарасы өткізілген болатын. Mimika отбасылық журналының құрылтайшысы Сабира Смадияр мен инстамама блогер Жамиля Шабаева  шараның ұйымдасуына мұрындық етті. Негізгі мақсат Лангерганс гистиоцитозы диагнозы бойынша дертке шалдыққан екі жастағы Артем Логиновқа ақша жинап беру. Осы тұрғыда балалар мен отбасылық демалыс орындарының орта және шағын мекемелері қолдау білдіріп, ойластырылған істі жүзеге асыруға 12 серіктестің көмегі тиді. Қайырымдылық шарасына балалы аналар қонаққа келіп, Жамилия Хан, Анель Аринова, Дария Акпарова сынды жұлдыздар да қалыс қалмады. 

 Шара барысында балалардың ойнап, демалуына мүмкіндіктер жасалды. Сонымен қатар, Active mama кездесуі бала күтімімен үйде отырған әйелдердің санасын сергітіп, ой қосу (өзін- өзі дамыту, өзін- өзі таныту), бизнес әйелдермен жақын танысуын  көздеген болатын. Сондай-ақ, іс-шара негізінде аналардың  сауаттылығын арттырып,  күнделікті  өміріне өзгеріс енгізу  еді. Осылайша ұйымдастырушылар  аналар мен балалардың бос уақытын ұтымды да, пайдалы етіп өткізгісі келген.  Онымен қоса,   кішкентай   Артемға да үлкен көмегі тие білді, емге  жиналған сома қазір  95 250 теңгені құрап отыр.

 

0
түсініктер
"Көзайым" бейнеролик. Батыр Байназаров
Қарау
"Көзайым-2" фильм о фильме
Қарау
9 Мамыр - Жеңіс күні
1945 жылдың 9 мамыры... Жылдан-жылға алыстап бара жатқан мерзім. Дей тұрғанмен, Ұлы Жеңістің анық бағасы мен маңызы біздің жадымызда мәңгі орын алған деуге болады. Ұлы Жеңіс тойы – бұрынғы кеңестік халықтардың ортақ, басты мерекелерінің бірі. Бұл күн – тарихтағы Отанымыздың тәуелсіздігі үшін күрескендердің есінде. Сонымен қатар, біз
Қарау
Жаңа жыл құтты болсын!!!
Қарау
Бізге 2 жыл!!!
Қарау
Тəуелсіздікке тағзым!
Қарау
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні құтты болсын!
Қарау