Тегін скринингтен қалай, қайда барып өтеді?

Скринингтік тескеріс- Денсаулық Министрлігінің бекітуімен 2008 жылдан бері тегін жүргізіліп келе жатқан белгілі жас мөлшеріне сай профилактикалық медициналық тексеріс. Ақпарат Zakon.kz сайтынан алынды.

Скринингтен өту үшін әр адам тұрғылықты мекен –жайына қарасты емханаға баруы тиіс.

Өзіңіз тіркелген емханаға скринингтік тексеруден өткіңіз келетінін айтуыңыз керек. Егер сіздің жасыңыз 55-те болса, жатыр мойыншығы обыры мен тоқ және тік ішек қатерлі ісігіне тексеруден өте аласыз. Ол үшін дәрігерге дейінгі қабылдайтын кабинетте сізге 025-28/у каротчкасын ашады және анкета толтырылады. Ары қарай қауіп факторын саралай отырып сізді тексеріске жібереді.

Мүгедектер мен басқа ауру адамдар үшін арнайы емханаларда көлік қарастырылады. Ол үшін бар болғаны мекен-жайыңыз бойынша тіркелген емханаға хабарласуыңыз қажет.

Скринингтік тексеру екі деңгейде қарастырылады:

17 жасқа дейінгі балалар мен 25 жастан бастап ересектер.

Ересектер арасында жүрек-тамыр жүйесіне, қант диабеті, глаукома(көз ауруының түрі), С вирусті гепатитіне және де жатыр мойыншығы обыры, сүт безінің қатерлі ісігі, тоқ және тік ішек қатерлі ісігі, бауыр қатерлі ісігі, асқазан қылтамағы сынды онкологиялық ауруларға скрининг жүргізіледі.

Аурудың түріне байланысты скрининг екі жылда бір, кейбірі төрт жылда, бес жылда бір ұйымдастырылып жүзеге асады.

Мәселен,

• Жатыр мойыншығы обырына араға бес жыл салып, 35, 40,45, 50,55 және 60 жаста тексеріс жүргізіледі.

• Сүт безінің қатерлі ісігіне скрининг арасына 2 жыл салып 50,52,54, 56,58,60 жасқа дейін.

• Тоқ және тік ішек қатерлі ісігіне тексеріс 50, 52,54,56,58,60,62,64,66,68 және 70 жасқа дейін.

• Асқазан қылтамағы -50,52,54,56,58,60 жас.

• С вирусті гепатитіне кез-келген жаста тексерілуге мүмкіндік бар.

• Сонымен қатар,жүрек-тамыр жүйесі мен қант диабетіне, глаукомаға 25 жастан бастап арасына бес жыл салып, 30,35,40,45 жаста скринингтен өте алады.

 

0
түсініктер
Тәуелсіздік күні құтты болсын
Қарау
"Көзайым-3" фильм туралы фильм
Қарау
"Көзайым" бейнеролик. Батыр Байназаров
Қарау
"Көзайым-2" фильм о фильме
Қарау
9 Мамыр - Жеңіс күні
Қарау
Жаңа жыл құтты болсын!!!
Қарау
Бізге 2 жыл!!!
Қарау