Жаңа жыл құтты болсын!!!

 Бүгінгі толассыз ақпарат заманында қазақтың қыз-келіншектеріне жол көрсетіп, бағыт сілтер, тәрбие беріп, өнеге көрсетер ақпарат құралы болсақ деген игі ниетпен ашылған сайтымыз бүгінде өзінің тұрақты оқырманы бар, тілектес, ниеттес жанашырлары да жеткілікті интернет порталына айналды. Ол, әрине, сайт ұжымының толассыз еңбегі мен оқырманымыздың ізденісінің нәтижесі десек артық емес. Міне, тағы бір жылды артқа тастап, өздеріңізбен үшінші жаңа жылды қарсы алғалы отырмыз. Шүкір дейік! Сіздердей оқырманымыз барда, біздің жазғанымыз бір пайдаға асып жатқанына да сенімдіміз. Бастысы - сол.                        
 Жаңа жылда жағымды жаңалық көп боларына да сенім зор. Өмірге өкпелеп, наз айтатындар азайып, қуанышымен бөлісіп, сүйінші сұрайтындар көбейсін! Қазақтың қыз-келіншектерінің бағы артсын, берекесі молайып, дастарханы тек жақсылыққа жайылсын! Ешкімнен кем түспейтін, қайта артықшылығы басым қаракөздер тек бақыттан басы айналған сәтте ғана жыласын. Ел іргесі тыныш, аспанымыз ашық, босағамыз берік болғай!

 

0
түсініктер
Тәуелсіздік күні құтты болсын
Қарау
"Көзайым-3" фильм туралы фильм
Қарау
"Көзайым" бейнеролик. Батыр Байназаров
Қарау
"Көзайым-2" фильм о фильме
Қарау
9 Мамыр - Жеңіс күні
Қарау
Жаңа жыл құтты болсын!!!
Қарау
Бізге 2 жыл!!!
Қарау