Тəуелсіздікке тағзым!

Тарихтың сан үңіліп беттеріне,
Тағыда мың қарайын өткеніме,
Тəубешілік жасайын əр күн сайын,
Осындай азат күнге жеткеніме..

Елім деген есілдер шеккен азап,
Алашының ақ ордасын еткен азат,
Қан төгіп,қара түнді жарып шығып,
Осындай азат елге жеткен қазақ...

Қара бауыр қасқалдақ қандастарым,
Көтерген желтоқсанда алдаспанын,
Ерлігіміз ез болмасын ел болсын деп,
Əсілі төгіп кеткен алмас қанын..

Таңбасы бар тарихтың таластырмас,
Айбыны тəуелсіздік-Алаштың бас,
Бүгінде жиырма беске келіп қалды,
Өмірін азат елмен балап құрдас...

Ортаймасын елімнің тұрған бағы,
Тартылмасын мөлдірім жылғамдағы,
Егемендік тойлансын əр жыл сайын,
Еске алынсын желтоқсан құрбандары...

Амандықпен бейбіттікте тұрған басым,
Құр қалмасын өзгеге ұрланбасын,
Желтоқсанның ызғарда соққан əні,
Тыңдалсын,бірақ қайта жырланбасын......

 

Алпысбаев Еркебұлан Жеңісбекұлы

0
түсініктер
1 маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз!
Қарау
7 мамыр отан қорғаушылар күні
Қарау
1 Мамыр мерекесі құтты болсын!
 Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!    
Қарау
8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні
Қарау
Жаңа жыл құтты болсын!
Қарау
Тәуелсіздік күні құтты болсын
Қарау
"Көзайым-3" фильм туралы фильм
Қарау