Шаш күтімі туралы не білеміз ?

Шаш күтімі мен бас терісінің денсаулығы үшін сенің оларды жуу тәсілдері мен тұрақтылығы басты рөл атқарады. Оның маңыздылығы, біріншіден тазалық, екіншіден сырттан қараған адамға кірлеген шаш оның иесінің салақтығы жайлы көп мәлімет береді.
  Әрине, шашты кірлеген кезде жуу керек екендігін бес жасар баланың өзі біледі. Бірақ бас терісінің денсаулығы мен шашыңыздан ерте айырылып қалмау үшін қалай жуған дұрыс екендігін біліп алған артық болмас еді.

Зақымдалмаған, жұқармаған дені сау шаштар үшін — қазіргі уақытта жай ғана жуудың өзі жеткілікті күтім болып саналады. Жаздың күні 4-7 күнде бір (тершеңдігіңізге байланысты), қыстың күні 2-3 күнде жусаңыз жетеді.

Ал егер шашыңыз майлы болса, онда жаздың күнара, қыстың күні күнде жумасаңыз, шаштың түрі бұзылады. Әсіресе, күнде шашыңызға гель, мусс, лак жағатын болсаңыз, күнде жууға тура келеді. Себебі, химиялық қоспаларды шашта ұзақ сақтау, шаштың түрін де, жағдайын да бұзады. Күнделікті жуу үшін сабын емес, жұмсақ арнайы шампунь қолдану керек. Қыста жиірек жуатын себебіңіз, бас киімнен шаштарыңыз дұрыс тыныс алып, желденбейді, сондықтан теріден артық май бөлінеді.

  Құрғақ шашқа шампунь жаққан дұрыс емес, алдымен жақсылап су сіңдіріп, мұқият ылғалдау керек, содан кейін барып алақанға біршама шампунь құйып, бас терісіне уқалай жағады. Кемінде екі рет шашты шампуньмен көпіршіткен дұрыс, себебі бірінші жуған кезіңізде, кір, шаң мен тері майыныңтек бір бөлігі ғана шайылады, ал шампуннің емдік қасиеті тек екінші рет жуғанда іске қосылады. Шашты шайғанда таза сумен шайып, шашта шампунь қалдықтары, көпіршіктері қалмауын қамтамасыз етіңіз.

  Қазіргі кезде шаш күтуге арналған қосымша құралдар көп. Арнайы бальзамдар бар, шашты азықтандыратын маскалар бар. Бұдан сіз душқа барарда шашыңызды баптау үшін сағаттап айнаның алдында басыңызды көпіршік, гель, маска жақсын деген қорытынды шықпайды.

Бар болғаны, басыңыздан мәселе туса, шаш түссе, немесе жұқарса, тері дәрігеріне немесе білікті шаштараздың ақылына сүйенген дұрыс. Дәрігер сіздің бас теріңіздің жағдайын түзесе, шаштаразжіңішкерген, майлы шаштарды баптайтын заман-алды құралдардан хабардар жүретін бірден бір адам болып табылады.

 

0
түсініктер
Әр бойжеткен білуі тиіс сұлулық сырлары
Қарау
Детокс Диетасы 10 Күнде
Қарау
Қыс мезгіліндегі шаш күтімі
 Шаш – адамның көркі» десек те, қыста бөрік пен орамалдың астында жасырулы шашымызға аса мән бере бермейміз. Ал шын мәнінде бұл маусымда шаш ерекше күтімге зәру болатынын ескеріңіз.  Бұл кездегі аязды күннің, жылытылатын бөлмедегі құрғақ ауаның, тіпті бас киімнің де шашыңызға жағымды әсері бола қоймайды. Бұған осы маусымдағ
Қарау
Одри Хепберн - Сұлулық сыры
Қарау
Сұлу болудың сыры — күтімде
Қарау
Құрғақ теріге күтім жасаудағы қателіктер
Қарау
Шаш күтімі туралы не білеміз ?
Қарау