Аксессуар таңдаудың үш ережесі

 Ең басты мәселе - сіздің таңдаған аксессуарыңыз үстіңіздегі киімнен тым арзан көрінбеуі тиіс. Бір ғана қате таңдалған бұйым сіздің сыртқы келбетіңізді толықтай өзгертіп жібере алады. Сондықтан, сәнді көрінгіңіз келсе, аксессуарыңызға атүсті қарамаңыз. Нәзік гүлді көйлек киіп алып, қолыңызға темірден жасалған дөрекі білезікті тағып алсаңыз, өте жарамсыз көрінеді. Сондай-ақ, үстіңізде қымбат тон бола тұра, қолыңызға іші затқа толы тым үлкен сөмке ұстасаңыз, бағалы ішігіңіздің құны бір тиынға да тұрмайтыны анық. Ішікпен бірге кішкентай көлемді сөмке ұстаған абзал.

 Ал бағасы қымбат, көзге тартымды көрінетін көлемі кішкентай аксессуарлар қарапайым образды жарқырата түсуі мүмкін. Бастысы – сәйкестік. Тек бағалы киім киетін адам болып көріну үшін соңғы үлгідегі брендтен шүберек алу міндетті емес. Киіміңіз талғаммен таңдалған өзіңізге жарасымды болып, ал аксессуарыңыз бағалы болса болғаны. Ол үшін сөмке, аяқ киім, қол сағаты, білезік, орамалдарыңыз сапалы брендтерден болуы керек. Бұл ұсақ-түйектер сұлу болып көрінуге бірталай үлесін қоса алады.

 Екіншіден, аксессуардың саны мен көлемі де өте маңызды мәселе. Көлемді сақина немесе алқа тағатын болсаңыз, олардың санына көңіл бөліңіз. Яғни, әшекейлерді үсті-үстіне іле беру дұрыс емес. 

 Және үшінші ережеге аксессуар тағу әдебі жатады. Қызылды-жасылды моншақтар тағып, іскерлік кездесуге, не болмаса емтихан тапсыруға келсеңіз, шектен тыс назарға ілігесіз. Сондықтан, аксессуарды таңдамас бұрын, бара жатқан орын мен ортаны және өз мақсатыңызды айқындап алыңыз.

 

Дереккөз: vk.com

0
түсініктер
Лак таңдау ережелері
Қарау
Киім түстерін үйлестіру
Қарау
Тоналды кремді қалай таңдау керек?
Тоналды крем таңдаудың қиындығы көптеген қыздарға белгілі. Дұрыс таңдалмаған крем бет-әлпетті жасанды етіп қана қоймай, теріге зиян келтіруі де мүмкін. Сапалы, лайықталып таңдалған крем терінің ұсақ кемшіліктерін жасырып, терінің сау, жұмсақ және жарқырап көрінуіне ықпал етеді. Тері типіне назар аударыңыз  Егер тоналды крем теріңіздің ти
Қарау
Аксессуар таңдаудың үш ережесі
Қарау
Әтірлердің түрлері
Қарау
Киімді құнды етіп көрсетудің 8 тәсілі
Қарау
Мүсініңіз сұлу болсын десеңіз...
Қарау