Дөңгелек бетті аруларға кеңес 

Бет пішіні дөңгелек болатын, кішкене артық салмақ жинағанда беті дөңгелене түсетін қыздар қатарында болсаңыз, біздің кеңестерімізбен танысып, бетті бір қарағанда "созып" көрсететін сырларды біліп жүріңіз.



Ұзын сырғалар тағыңыз

Ұзын, үлкен сырғалар толық беттен көңілді өздеріне аударып, бетіңізді сырғаларға сай ұзын қылып көрсетеді. Бірақ үлкен сақина пішінді сырғалардан абай болыңыз, олар бетті одан әрі үлкен көрсетеді.

Шашты тарап көтеріңіз

Шашыңызды бастың төбесіне тарап көтеріңіз. Ол үшін төбе шашты өсу бағытына қарсы тарап жинау керек. Шаштың ұштары түзу болғаны дұрыс. Шаштың ұзын болғаны да бетіңізді сопақ етіп көрсетеді. Сондықтан дөңгелек бетті арулар қысқа шаш сәндерінен бас тартқан дұрыс.

Бетін пішінін келтіріңіз

Өзіңіздің табиғи тері түсіңізден бір реңкке күңгірт, бұлыңғыр опа сатып алыңыз. Оны жұқа қабатпен иекке, мұрынның шеттеріне және самайға жағыңыз. Осылайша беттің пішінін өзгерте аласыз.

"Стрелка" салыңыз

Стрелкалар кірпіктерді ұзын етіп көрсетеді. Стрелка салу арқылы сіз томпақ беттеріңізден көңілді кірпіктері ұзын, әдемі көздерге аудара аласыз.

Еңлік жағыңыз

Бетті созып көрсету үшін еңлік қолдану керек. Беттің жоғарғы жағына хайлайтер немесе ашық түсті опа, астыңғы жағына бронзант немесе күңгірт опа жағып, екі түстің бір-біріне өтуін байқалмастай қылып жаққышпен өңдеңіз. Бұл әдіс арқылы бет пішіні өзгеріп, созыла түседі.

Қас пішінін жөндеңіз

Қастарыңыздың иілуін сүйір әрі көтеріңкі етіп жасап көріңіз. Ол үшін бірқалыпты пішінін келтіріп, қарындашпен түзетіп отырыңыз. Иілген қас бетті бір қарағанда созады.

Шашыңызды омбре әдісімен бояңыз

Шашыңызды бояп үйренсеңіз, келесіде омбре әдісін қолданып көріңіз. Яғни, иектен бастап шашыңыз күңгірт түстерден ашық түстерге өтуі керек.

Шаш түсін өзгертіңіз

Шаш түсіне тағы да келетін болсақ, бетіңіздің томпақтығын жасыру үшін шашыңызды күңгірттеу, қара түстерге бояған жөн. Ал беттің маңындағы шаштарды қалған шаштан да күңгірттеу түске бояуға болады.

 

Дереккөз: lviewer.com

0
түсініктер
Арықтағысы келетін адамдарға арналған кешкі астың 4 ережесі
Қарау
Шаш түсудің басты себептері
Қарау
Макияждағы өрескел 20 қателік
Бұл қателіктерді біз басқа аралдарда тұратын қыз-келіншектерден емес, күнделікті қасымызда жүретін әріптес қыздар, сылқым сіңілдеріміз, өзін сұлу санайтын құрбымыздың макияжынан байқадық. Арасында сіз де болып жүрмеңіз… 1. Дайын емес теріге декоративті косметика жағу Кейбір қыз-келіншектер макияждың алдында ылғалдандырушы базаны жағу
Қарау
Аяғыңыздың бес «жауы»
Қарау
Аңыздарды жоққа шығарамыз – ақ шашпен не істесе болады, оны қашан бояу керек
Қарау
Арықтау кезінде сағыздың «пайдасы»
Қарау
Далаптың қандай түрлері болады және оны қалай таңдау керек?
Қарау