Мойын терісінің сұлулығы

Бетке күтім жасағандай мойын терісіне де күтім керек. Өйткені жас ұлғайған  сайын мойын терісі де қартайып, әжімденіп, салбырай береді. Ал мұның алдын алу үшін бар-жоғы бес ингредиенттен тұратын масканы жасап көріңіз.

 

 Бұл скраб-маска мойын терісін тартып, теріні әлдеқайда жақсарта түседі. Масканы аптасына бір рет жасап, нәтижеге оңай қол жеткізуге болады.

Масканы жасау үшін:

  • 2 шай қасық куркума ұнтағы;
  • 3/4 стақан қант;
  • 3-4 тамшы лаванда гүлінің эфир майы;
  • 1/3 стақан өсімдік майы;
  • 1 шым-шым ваниль;
  • айран керек.

 

 Айраннан басқа барлық ингредиенттерді араластырып, мойын мен кеуде тұсына жағыңыз. Масканың құрамына қантты қоспауға да болады. Егер мойын терісі тым салбырап, қара дақтар қаптап кеткен болса, қантты маскаға қосқан дұрыс.

 Масканы 20 минут ұстап, массажды қимылмен уқалай отырып жылы сумен жуыңыз. 

 Жуғаннан кейін мойынға айранды жағу керек. Өйткені маска құрамындағы куркуманың бояуы теріге сіңіп қалады. Ал айран оны ағартып, теріні жұмсартады.


 

 

 

Аударған: Құралай Мұратқызы

Дереккөз: takprosto.cc

 

0
түсініктер
Детокс Диетасы 10 Күнде
Қарау
Қыс мезгіліндегі шаш күтімі
Қарау
Одри Хепберн - Сұлулық сыры
1. Ернім әдемі болсын деген аруымыз тек жылы сөздер айтуы керек. 2. Көзім әдемі болсын десеңіз — адамдардың жақсы жақтарын көре біліңіз. 3. Сыртқы пішінім сымбатты болсын десеңіз — аш-жалаңаштармен тамағыңызды бөлісіңіз. 4. Шашым әдемі болсын десеңіз — күніне бір рет сәби саусақтарымен сипатыңыз. 5. Өзіңізге сенімді бо
Қарау
Сұлу болудың сыры — күтімде
Қарау
Құрғақ теріге күтім жасаудағы қателіктер
Қарау
Шаш күтімі туралы не білеміз ?
Қарау
Мойын терісінің сұлулығы
Қарау