Арықтаудың алты жолы

 Диета ұстауға жігеріңіз жетпеді ме? Спортзалға баруға да уақыт таппай отырсаңыз, жағажай маусымына төмендегі тәсілдермен дайындалыңыз. Арықтаудың алты жолы сізге пайдасын тигізеді.

 

1. Спиртті сусындардан бас тартыңыз! 1 литр таза спиртте (96%) 7000 ккал бар. 100 гр құрғақ шарапта 56-70 ккал болады. Ал оның бір бокалында, яғни 250 грамда 140-170 ккал бар деген сөз. Осындай ұсақ-түйектерді санайтын болсаңыз, артық майдың қайдан пайда болғанына оңай көз жеткізесіз.

 

2. Жаяу көбірек жүріңіз! Оның әсері мол. Бұл өз кезегінде арнайы арықтау жаттығуларымен айналысқанмен тең.

 

3. Тәттіге тәбетіңіз ашылса, ет жеңіз! Майлылығы аз сүзбе, тауық пен балық еті тәттіні ұмытуға көмектеседі.

 

4. Жиі қозғалыста болыңыз! Әсіресе, кеңседе күн ұзақ отыратындар үшін бұл ережені бұлжытпай орындау маңызды. Әр сағат сайын кемінде бір рет компьютер алдынан тұрып, 5-10 минут жүріп келіңіз. Қозғалыссыз отырғаннан гөрі тұрғанда, әсіресе, қозғалып, ары-бері жүргенде бойдағы майдың еруі жылдам болады.

 

5. «Бір қасық» ережесін ұстаныңыз! Тамақ ішкенде табағыңыздың түбіне бір қасық асты жемей қалдырып отырыңыз. Бір қарасаң, бір-ақ қасық. Ал негізінде сіз табақтың түбінде сол бір қасық тамақты қалдырмасаңыз, тағы екінші табақ ішуге тәбетіңіз де ашылып кетуі мүмкін емес пе?!

 

6. Жегіңіз келсе, су ішіңіз! Тамаққа тәбетіңіз ашыла қалса, бірден бір стакан су ішіп алыңыз. Бұл тәсілдің көмегі мол. Сондай-ақ күніне 1,5 литрдей су ішу керектігін есіңізден шығармаңыз.

 

 Осы кеңестерге құлақ түріп, орындай жүрсеңіз, еш диетасыз-ақ артық салмақтан арыла аласыз!

 

 

Дайындаған: Құралай Мұратқызы

Дереккөз: womparadise.ru

 

1
түсініктер
Жадыра Балтабаева
0
Мен емізулі анамын. Босанған соң толып кеттим.Енди қалай арықтасам болады Балама11ай
Жауап беру 30.11.2017 в 19:54
Шаш күтімі туралы не білеміз ?
Қарау
Мойын терісінің сұлулығы
Қарау
Сұлулықтың құпиясы
 Жаз – демалыс пен жағажай маусымы. Яғни шомылу киімі, жұқа көйлектер киілетін кезең ғой. Демек, мүсініңізге мән беріп, мінсіз болуыңыз керек емес пе?!    Егер де өзіңізді қолға алып, әлдебір диета бастай алмай, жаттығу залына бара алмай жүрсеңіз, біздің кеңестерімізге назар аударыңыз. Сұлулықтың құпияларынан хабардар бол
Қарау
Арықтаудың алты жолы
Қарау
Кірпігіңіз өзіңіздікі ме?
Қарау
Қолдың құрғақ терісіне арналған маска
Қарау
Асқабақпен арықтаңыз
Қарау