Секс – түрлі дертке дауа

 Жыныстық қарым-қатынастың адам денсаулығына аса пайдалы екендігі осыдан 2000 жыл бұрын дәлелденген-ді. Секстің емдік қасиетін айтпағанда, оның адам өмірін ұзартудағы рөлі де орасан. Сонымен жыныстық қарым-қатынас қандай ауруларға шипа?

 

1. Суық тигенде

 Адам белсендірек қимылдаса бойындағы арам тер шығып, ыстығы басылады. Пенсильвания штатының Уилкса университетінің мамандары анықтағандай, секспен жиі айналысатын адамның ағзасындағы иммунитетті күшейтетін «иммуноглобулин А», керісінше, жыныстық қарым-қатынасқа енжар адамдардікінен 30 пайызға көп екен.


 

2. Сыздап ауырғанда

 Басың не тісің ауырғанда секс күшті көмектесетін көрінеді. «Анальгинге жүгіргенше төсекке асық» дейді мамандар. Секс кезінде пайда болатын гормондар мидың ауру-сырқауға қарсы тұратын бөлігін оятады екен. Оның үстіне, мысалы айталық, тісің қатты ауырып тұрғанда секспен айналыссаң, ол жүйке тамырларының сезімталдығын әлсіретіп тастайды. Ал Швеция ғалымдары еркек пен әйел арасындағы төсек «ойыны» жарақатқа күшті ем дейді.


 

3.Инфарктің алдын алуға

 Осы бір жаман аурудың алдын алу үшін секспен жиі айналысу керек екен. Сонда жүректің жұмысы жақсарып, адам түрлі жүрек ауруларынан сақтана алса керек.


 

4. Күйзелісті болдырмайды 

 Кез-келген адам кез-келген сәтте күйзеліске ұшырауы мүмкін. Міне, осы жағдайда секс таптырмайтын көмек. Адам ләззат алғанда бойындағы күйзеліске қарсы гормондар көбейеді екен.


 

5. Сексуалдық проблема кезінде

 Былайша айтқанда, сексуалдық проблеманы секс шешеді. Мысалы, дәрігерлер сексуалдық ауытқушылыққа ұшырғандарға бірінші кезекте жыныстық қарым-қатынасты көбейтуге кеңес береді. Тағы бір айта кетерлігі, әйелдің жыныс органдарына суық тигенде де оларға бірінші кезекте секспен жиі айналысу тиімді екен.


 

6. Артритті асқындырмас үшін

 Жасың ұлғайған сайын буындар босаңсып, адам артритке шалдығуы әбден мүмкін. Ал секс кезінде бүйрек безі жұмысы реттеліп отырады да, ол өзінен артритке ем саналатын кортизон бөліп шығарады.


 

7. Семіздікті болдырмайды

 «Фитнес залына барып, диета ұстап өзіңді әуреге салғанша, секспен көп айналыс. Дене бітіміңнің бұзылмауына секс таптырмайтын көмек» дейді дәрігерлер.


 

8. Секс - косметология 

 Мамандардың зерттеулеріне сенсек, секс әйелдің ағзасындағы, яғни қандағы эстрогенді көбейтеді. Ал эстроген шашты қатайтып, адамның терісін жақсартады.


 

9. Етеккір циклын тұрақтандырады

 Жыныстық қатынас  етеккір циклын бір қалыпта ұстап тұруға әсер етеді. Мұндай қорытындыны мамандар мыңдаған респонденттер арасындағы сауалнама негізінде жасаған.


 

10. Несеп жолдарын емдейді

 Әйел адамдардың жасы ұлғайған сайын несеп жолдары жұмыстары бұзыла бастайды. Оның ең жағымсыз жағы – кіші дәрет жиілеп, бір кесе шәйдің өзі дәретханаға неше мәрте жүгіртеді. Міне, осындай дерті болдырмас үшін секпен жиірек айналысқан дұрыс екен. Сонда несеп жолдарындағы бұлшық еттері қозғалысқа түскен сайын, ол қатая бермек.
 

0
түсініктер
Төсек ләззатын созудың жолдары
Қарау
Секс туралы жігіттер сенетін 6 өтірік
Қарау
Төсек қатынасынан ләззат алмауыңызға не себеп?
Мирошниченко Лариса Владимировна, психолог, сексолог  Жыныстық қатынас жайлы  ел арасында  басқаша түсінік қалыптасқан.   Қорқыныш, бірқалыптылық, сенімсіздік, ұят. Әрине, мұның  дұрысы да бұрысы да бар. Десе де,  жыныстық қатынастағы қателіктердің кесірінен кейде  ләззат  ала алмай жатамыз. 
Қарау
Қалай қашықтықта тұрып секспен айналысуға болады?
Қарау
Жыныстық қатынастағы мәдениет
Қарау
Төсекте тояттанамын десеңіз... (міндетті түрде оқыңыз)
Қарау
Әйелдер көзімен: еркектердің жыныстық қатынаста жіберетін қателіктері
Қарау