Ибалы келін

Келіні жақсы үйдің керегесі алтын.

 

 Қазақ халқында Ибалы келін екен деп айтса қай жердің келіні екен, қай шаңыраққа бақыт әкелген келін екен деп қызыға қарайтынымыз анық. Келін болып түскенде, биязылыққа қоса, әсіресе, әсіресе, ұстамдылық сезімдеріне ие бола білу, ашу-ызасын тежей, жасыра білу, кейістіктен қайта  білу қажет. Олай болмағанда, отбасының берекесі қашады. Күйеуіне дүрсе қоя бергіш, салғыласуға құмар, реніш үстінде сөз талғамайтын келіншек ерінің абыройына нұқсан келтіреді, көңілін қалдырады, суындырады. Не болса, соны сөз қылып, күйеуінің құлақ етін жейтін, қарадан қарап отырып ұрыс шығаратын, нақақ кінә тағатын әйел күндердің күнінде ерін безіндіріп, бақытынан біржолата айырылып қалуы ғажап емес.

 Қазақтың ата салтында келіннің келген жеріне ізет жасау үлкендер мен келін арасындағы қарым-қатынасқа жылылық, сыйластық, инабаттылық дарытады. Ибалы келін дегеніміз қандай болуы керек? Ендеше ибалы келін деген атқа лайықты болу үшін төмендегі психологтың кеңесіне құлақ асыңыздар:

 

  • Қандай жағдайда болмасын күліп жүруге тырысыңыз.
  • Келіні жақсы үйдің берекесі бар демекші, бес аспаз ас әзірлеуден алдыңызға жан қоймайтын, сол үйдің ақ дастарханымен ақ берексін ашуға болады.
  • Келіп кетіп жатқан қонақтарға қабақ шытпай шын көңілмен қабылдап, жақсы көңіл-күймен шығарып салыңыз.
  • Ұрыс пен керістен аулақ болғыңыз келсе, жақын жандарды қонаққа шақырып, рахметімен лебізін алыңыз. Шын көңілден жасалған ақ дастархан қай жанды да болмасын шаттыққа бөлейтіні анық.
  • Еріңізге көбірек көңіл бөліңіз оның алдында әдемі болып жүріңіз.
  • Ибалы салиқалы келіннің үйінен ешқашанда қонақ үзілген емес.
  • Жақсы келін ибалы болуға тырысса, сол үйдің шам шырағына айналып,от анасы деген атқа лайық болады.
  • Ағайын тату болса, ат көп. Абысын тату болса,ас көп демекші, абысындармен тату болыңыз казіргі кезде бір-бірін жамандайтын абысындар өте көп, өз татулықтарын өздері бұзып, араздасуға дейін барады. Сондықтан абысындармен ашық жарқын араласып асқа шақырыңыз.
  • Келін болып түскеннен кейін, күйеуіңізбен сол отбасының берекесін де келтіретін мына сіздер.
  •  Ибалы келін қашанда үлкенге де, кішіге де кішірейетін ашық мінезімен баурап алатын, сол отбасының бақ берекесіне айналады. Жаман келін көре алмаушылық пен, ызақорлықтан таяқ жейтін өз өзін масқара ететін, беті күйер әйелге айналады. Ал ибалы келін өзінің ақ жүрегімен ақ баурап алатын, инабатты ибалы келінге айналады.

 

 

 

 

Дайындаған: ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы

0
түсініктер
Махаббат қайда?
Қарау
Ғашық қылатын 36 сұрақ
Қарау
Ата-ана ажырасқанын балаға қалай түсіндірсе болады?
Ерлі-зайыптылар отбасы мәселесінен құтылу барысында «ажырассақ барлығы  шешіледі» деп ойлайды. Расымен, бір-біріне сай келмесе жан тыныштығын табуы әбден мүмкін, десе де ортада бала болса, міне, үлкен мәселе қайда жатыр. Керісінше, ажыраса отырып, осы тұрғыда  бала болашағына балта шабуыңыз да ықтимал. Тақырыпқа тиек етіп отыр
Қарау
Еркек үйге көңілсіз келгенде не істеу керек?
Қарау
Отбасы бюджеті кімнің қолында болуы керек?
Қарау
Бақытты отбасы болудың құпиясы
Қарау
«Ол менсіз өмір сүре алмайды. Оған онсыз да қиын»
Қарау