Үйдегі бастық енем

 Мен қыз кезімде «барлығы өзіңе байланысты, енені жамандай берудің не қажеті бар» деп құрбыларыма ұрысатынмын, енді өкінем. Менің де ата-анам бар, Құдайға шүкір. Келіні десе ішкен асын жерге кояды, жеңгемде жақсы. Менде болашақта ата-енемің айтқанын екі етпеймін деп ойлайтынмын, оларда жылы қабақ танытар деп білгенмін. Бірақ, өмір деген оңай емес екен. Ұнаған жігітке тұрмысқа шықтым.Үлкен отбасыға келін боп түстім. 5 ұл 3қыз. Өкінішке орай, күйеуім үйдің кенжесі. Маған деген қарым- қатынасы жаман емес, бірақ кейде мені қорғамайтынына қатты ренжимін. Енем екі жыл болды маған күн бермейді. Шынымды айтсам, жалықтым. Екі жылда баланы әрең көтердім. Енеме немере керек емес сияқты. Бала көтере алмай, емделуге рұқсат сұрасам «қазіргі қатындар асығады дейді». Содан жасырынып емделуге тура келді.Шөппен емделдім. Шөппен емделіп бала көтеретініме сендім. Енем шөбімді төгіп тастайтын сонда да қайтпадым, өз бөлмемде тығып ішетін болдым. Аллаға шүкір қазір балалы болдым.

 Қысқасы, үйдегі бастық енем. Атам орынбасары, сөзін қоштап отырады. Куйеуім үндемес. Мен күң. Не көрсетпеді маған, не айтпады, менен жаман келін жоқ. Тыныштық берер емес, азанда ерте тұрып шәйін берем, үйін жинаймын, айтқанын істеймін. Түсінбеймін, мен жаман болсам, неге менімен бірге тұрады?

Балжан Айтқожаева

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия иегері, Психологтардың Қазақ Ассоциация мүшесі, «Жан шуағы» психологиялық орталығының директоры,психолог-практик Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызы

Балжан, “Мен - күң” дей отырып, сен өзіңе өзің үкім шығарып отырсың. Өзіңе қалай баға берсең, айналаңдағы адамдардың барлығы да сондай пікірде болады. Осы есіңде болсын. Әрине, ойыңа алған мақсатыңа жететін жігерің де бар, қайратың да бар, ол - ана атанып, сәби сүюің. Ал сол сәбиіңнің әжесі, ер азаматыңның анасының тілін табу да қолыңнан келеді. Себебі, жарыңды сүйеді екенсің де, одан сәбилі боласың да, ал оның анасына басқаша көзқараспен қарау, адамгершілікке жатпайды. Ойлан, енеңнің тілін табуға тырыс, қандай жағдайда саған тыныштық бермейді және не үшін, сарапта. Сенің проблемаң туралы ақпараттар легі бір жақты және мен үшін аз, сондықтан да толығырақ кеңес беру ыңғайсыз. Жалпы психолог маман сырттай “тон” пішпейді. Егер жеке кеңеске келгің келсе, хабарлас. Сол сәтте ғана толығырақ бағыт-бағдар ала аласың. 

 

 

0
түсініктер
Келіндер неден қателеседі?
Қарау
Енеңізді сыйлаңыз
Қарау
Келін болуға дайынсыз ба?
Баланың өзі болғандай, Келіннің өзі келгендей.    Қыз баласы болып дүниеге келгендіктен бой жетіп, босаға аттауға қадам жасайтын кезде әлі де дайын емес сияқты сезінесіз. Бойыңызда қобалжу басым болады. Сондықтан психологтың кеңесіне құлақ асыңыздар. Өзіңізді сыйлаңыз, сонда ғана өзгелерді де сыйлайтын боласыз. Еріңізді ж
Қарау
Алтын келін
Қарау
Енеммен қалай татуласуға болады?
Қарау
Әр келін білуі қажетті он төрт қағида
Қарау
Келінге керек кеңестер
Қарау