Келін шам шырақ

Келіні жақсы үйдің керегесі алтын.

.......

Екі жақсы қосылса,

Ай мен күндей жарасар.

Екі жаман қосылса,

Ырылдасар, таласар

.......

Ағайын тату болса, ат көп.

Абысын тату болса, ас көп.

.......

Жігіттің атын қатын шығарады,

Қатынның атын отын шығарады.

.......

Жақсы әйел - ырыс,

Жаман әйел - ұрыс.

.......

Келіннің аяғынан,

Қойшының таяғынан.

.......

Жақсы болса қатының,

Келіп тұрар жақының.

Жаман болса қатының,

Басыңнан кетер ақылың.

.......                                                                                               

Жаман келін мыңқылдап жүріп билейді,

Жақсы келін сыңқылдап жүріп билейді.

 (Мақалдар)

 

Тілі ащы бекке тигенше, өмір бойы тұл қалған жақсы.

М.Қашқари

 

Әйелдің жалғыз артықшылығы бар: ол-дақ түспеген ары.

Ж.Баласағұн

 

Күйеуіне ренжіген әйел қазының сөзіне қарап татуласпайды.

С.Сараи

 

«Тәрбиелі әйелдер жастары үлкен болсын, кіші болсын, бәрібір, өз күйеулерінің сырын басқаларға ашып, кем-кетігі жайында, әңгіме қылмайды»

Р.И.Фахруддин

 

 

 

 

 

Дайындаған: ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог Балжан Нұрғалиқызы Қанапияева

0
түсініктер
Келіндер неден қателеседі?
Қарау
Енеңізді сыйлаңыз
Қарау
Келін болуға дайынсыз ба?
Баланың өзі болғандай, Келіннің өзі келгендей.    Қыз баласы болып дүниеге келгендіктен бой жетіп, босаға аттауға қадам жасайтын кезде әлі де дайын емес сияқты сезінесіз. Бойыңызда қобалжу басым болады. Сондықтан психологтың кеңесіне құлақ асыңыздар. Өзіңізді сыйлаңыз, сонда ғана өзгелерді де сыйлайтын боласыз. Еріңізді ж
Қарау
Алтын келін
Қарау
Енеммен қалай татуласуға болады?
Қарау
Әр келін білуі қажетті он төрт қағида
Қарау
Келінге керек кеңестер
Қарау