Алтын келін

Жақсы келін қызыңдай,

Жақсы күйеу ұлыңдай.

 

 Әрбір қыз бала бойжетіп, әке-шешенің аясында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа бір елге келін боп түсіп, келіншек атанады. Өз шаңырағын көтеріп, үй мен шаруаға иелік етіп, түтін түтетеді, ана болып, өмірге перзент әкеледі. Жар құшып, ана болу - қыз баланың мақтанышы әрі бақыты. Бұған, әсіресе, әке-шешесі қуанады. Алтын келін болу үшін де біраз сабыр мен ептілік қажет.

 

Түскен шаңырағыңызға алтын келін болғыңыз келсе психолгогтың кеңесіне құлақ асыңыздар:

  • Білмеген дүниелеріңізді сұраңыз, ұялмаңыз.
  • Енеңізге ұнаған тамағын әзірлеуге тырысыңыз.
  • Еріңізбен, енеңіз сізді кінәләп жатса соңына дейін сабырмен күтіңіз.
  • Сыйлықтар жасап тұрыңыз, араларыңызда сыйластық пайда болады.
  • Үй шаруасын барынша тиянақты орындауға тырысыңыз.
  • Енеге деген қарым-қатынасыңызды түзеткіңіз келсе, бірінші өзіңізге деген қарым-қатынасты дұрыстауыңыз қажет.
  • Сіз өзіңізді сыйласаңыз өзгені де құрметтейсіз!
  • Енесін жаман көретін қыз-келіншектер бірінші өз қателерін ойлауы керек, мүмкін мен дұрыс әрекет жасамаған болармын деп.
  • Ешқандай ене өз келініне жаман болсын деп ұрыспайды.
  • Қатені түзетуге тырысыңыз, мүмкін енеңізде өз қатесін түсінер.
  • Уақытты күтпеңіздер, кішіпейіл болыңыздар,  қыз-келіншектер!
  • Жақсы келін болу үшін , ақыл ой таразысы мықты болғаны дүрыс.
  • Әр жағдайдан тезірек шыққыңыз келсе кешірімшіл болыңыз.
  • Бастысы сол үйдің шаңырағының отанасы екеніңізді ұмытпаңыз. Шамның жарқырап жануы сіздің қолыңызда.

 

 

 

Дайындаған: ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы

1
түсініктер
Дана
0
Сізді кінəлап жатса, сабырмен күтіңіз деген тіпті психологтың сөзі емес. Психологтар оны басыну деп атайды. Ешкім басынуға төзуге міндетті емес. Жартысын психолог, жартысын бір ене жазған өзіне ыңғайлы етіп.
Жауап беру 21.02.2017 в 18:15
Келіндер неден қателеседі?
Қарау
Енеңізді сыйлаңыз
Қарау
Келін болуға дайынсыз ба?
Баланың өзі болғандай, Келіннің өзі келгендей.    Қыз баласы болып дүниеге келгендіктен бой жетіп, босаға аттауға қадам жасайтын кезде әлі де дайын емес сияқты сезінесіз. Бойыңызда қобалжу басым болады. Сондықтан психологтың кеңесіне құлақ асыңыздар. Өзіңізді сыйлаңыз, сонда ғана өзгелерді де сыйлайтын боласыз. Еріңізді ж
Қарау
Алтын келін
Қарау
Енеммен қалай татуласуға болады?
Қарау
Әр келін білуі қажетті он төрт қағида
Қарау
Келінге керек кеңестер
Қарау