Дарынды балалар

  Дарынды балалар қандай – олар әр түрлі, бір – біріне мүлде ұқсамайды. Көпшілікті өзіне іс – әрекетімен, қабілеттілігімен бірден баурап алады.

 

  Ой – өріс қабілетімен ерте жастан көзге түскен оқушылар, өз қатарластарын басып оза, мұғалімнің ерекше мейірім ықыласына бөленеді. Дарынды балалар ортада өзін емін – еркін ұстай отыра, өздерін басқаның алдында биік ұстай біледі.

  Балалардың кейбір дарындылығы көбінесе байқала бермейді, оның қабілетін, дарындылығын дамыту – ұстаздың қолында. Ұстаз оқушыға қалай бағыт берсе, ол соған қарай бейімделеді. Балалармен бірге жұмыс істеуді тек ұстазға артып қана қоймай, ата – аналарда бірге жұмыс істеуі керек. Сонда ғана баланың ойлау қабілеті арта түседі. Ата – аналар мен ұстаздарға баланың бейімділігін арттырып, анықтай түсуге келесідей әдістемелер қолданылады:

 

- Дарындылық картасы

- Интеллектуалдық портрет т.б

 

  Әр бала әр түрлі қабілетімен ерекшеленеді. Биге, сурет салуға, әнге, есепке т.б жақын болып келеді. Осы орайда баланың дарындалығын ары қарай дамыту мақсатында барлық жағдай жасалуы тиіс. Қосымша:

 

- Вокалға апару;

- Хореограф жалдау т.б 

 

  Дарынды балалармен жұмыс істейтін ұстаздарға қойылатын ең бірінші талап – әділдік. Әділдік болған жерде – оқушының қабілеті ары қарай дами түседі. 

  Ж. Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын – оқыту мен тәрбие.

  «Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс, жеткілікті бағаламаса, оның «өзгелер сияқты» болып қалып қоюы мүмкін» дейді американдық ғалымдар. Олай болса, жастайынан бойына біткен талантты ары қарай дамыту әр ата-ананың борышы демекпіз.  ХХI ғасыр мектебінің ұстаздары оқушы бойындағы ерекше дарын, қасиеттерін дамыта отырып, бәсекеге қабілетті, еліне елеулі азамат тәрбиелеу.

 

Дайындаған: Айдос Айгерім

 

0
түсініктер
Балаңызды шексіз бақытқа бөлейтін он әрекет... 
Қарау
Балаларды дауыс көтеріп тәрбиелеу денсаулыққа зиян 
Қарау
Тәрбиеге әсер беретін нәрсе: баланы жан-жақты білу
 Жүсіпбек Аймауытов бабамыз бір сөзінде: «Тәрбиеге әсер беретін нәрсе: баланы жан-жақты білу керек» деген екен. Кейде өз баламыздың қабілетін, болмысын, мінез-құлқын ескермей, шамасынан тыс «тапсырмалар» жүктейміз, айтқанымызды істетуге тырысамыз. Бұл әрекетіміз сәтсіз болып, әке мен баланың арасында түсі
Қарау
Анасы қызына мына кеңестерді айтуы керек 
Қарау
Баланың табысқа жетуіне кедергі келтіретін қателік
Қарау
Жүкті әйелдер туралы қызықты 32 дерек
Қарау
Қолдан түспейтін бала
Қарау