Ана сүті

 Ананың сүті – жаңа туған нәрестені бірден – бір қоректендіретін және кез келген жұқпалы аурулардан қорғайды.Оның құрамында болатын қоректік заттардың пропорциясы толықтай қалыптасып үлгермеген сәби ағзасының қалыпты деңгейде өсуі және қорғалуы үшін дәлме – дәл мөлшерленген. Ана сүті, әсіресе,жаңа туған сәбидің ми жасушаларының көбеюін және жүйке жүйесінің дамуын жеделдететін қоректік заттарға өте бай.

Ана сүтінің құрамы
 Қазіргі заманғы технологияның көмегімен дайындалатын балаларға арналған жасанды қоспалардың (сүттердің) ешбіріде ана сүтінің қоректік және бактерияға қарсы сапасына мүлдем тең келе алмайды.Соңғы жылдары көптеген оқымыстылардың омырау сүтін зерттеу жұмыстары нәтижесінде оның жас сәби ағзасына пайдалы ғажайып құрамымен қасиеттері ашылып жатыр.Зерттеу мәліметтері көрсеткендей,ана сүтін емген баланың тыныс алу жолдары мен асқорыту жүйелері жұқпалы індеттерге қарсы тұра алады.

 Сүттің құрамында болатын қорғаныш ақуыздары (антитела) жұқпалы вирустар мен бактерияларға тікелей соққы береді.Сәбидің ағзасына қажетті қорғаныш жүйесінің элементтері ,яғни қорғаныш ақуыздары мен иммундық жасушалар оған ана сүті арқылы дайын күйде беріледі.Ана сүтінің тағы бір ерекшелігі – ол пайдалы бактериялардың өсуі үшін ағзада қалыпты өмір сүру жағдайын жасайды,ал зиянкес, қауіпті бактериялар,вирустар және паразиттер үшін олар өмір сүре алмайтындай орта қалыптастырып, оларды біртіндеп құртады.

 Ана сүтінің маңызды қоректік қасиеттерінің тағы бірі оның құрамында жаңа туған сәбидің дені сау болып дамуына қажетті “Омега – 3”деп аталатын майлы қышқылдарының болуы. Омега – 3 қышқылы адамның миы мен көз торының құрамдас элементтері болып табылады.Омега – 3 ми мен жүйке жүйесінің жақсы жетілуі үшін ағзаны құрсақта жатқан кезде және туғаннан кейінде қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырады.

 Бристоль университетінің дәрігерлері ана сүтімен қоректендірудің адамның болашақ өміріне пайдасын зерттеп көрген.Зерттеу жұмыстары ересек адамдар арасында жүргізілген, нәтижесінде,сәби шағында ана сүтін емгендердің қан қысымы (гипертония) және жүрке – қан тамыр ауруларына өте аз шалдыққандарын анықтаған. Зерттеуді жүргізген ғалымдар мен дәрігерлер ұжымының пікірінше, ана сүтінің қорғаныш және жетілдіру қасиеті оның химиялық құрамына байланысты.

Емізгеннің пайдасы:
Емізгеннің пайдасы өте көп. Емізу арқылы нәрестені төмендегі аурулардан сақтай аламыз:

  • ішек инфекциялары мен іш өтуден
  • тыныс алу жолдарының инфекциясынан
  • зәр шығару жолдарының инфекциясынан
  • құлақ инфекцияларынан
  • диабеттен

 

Дереккөз: vk.com

0
түсініктер
Анаңызбен қарым-қатынасыңыз қалай?
Қарау
Ана сүті
Қарау
Бала ұйықтамай қойған кезде не істеу керек?
Ең алдымен балалардың неге ұйықтамайтынын анықтайық: 1. Қолайлы уақыт өтіп кеткен  Баланың ұйықтайтын дер уақыты өтіп кеткен және оның екінші тынысы ашылған. Баланың ұйқысы келмейтіндей көрінеді, бірақ шын мәнінде бала тыныштала алмай отыр деген сөз. Кешке қарай баланың ойындары да баяу болуы керек. 2. Қызықты істер тым көп  Кон
Қарау
Бала неге балабақшаға барғысы келмейді?
Қарау
Балаңыз көркем сөйлеп, шешен болсын десеңіз...
Қарау
Баланы өз бөлмесінің тазалығын сақтауға үйретудің жолдары
Қарау
Балаға мультфильм көрсету ережелері
Қарау