Баланы өз бөлмесінің тазалығын сақтауға үйретудің жолдары

 Барлық уақытта да ол өзінің кішкентай қолдарымен көмектесуге ұмтылып, сыпыртқыға немесе шүберекке жармасуын қолпаштап отырыңыз. «Жарайсың сен!» деп қана айта салу жеткіліксіз. «Міне, жарайсың, сен анаңа көмектесіп жатырсың! Енді біздің пәтеріміз тап-таза болады және анаң тазалықпен айналысқанның орнына сенімен ойнайтын болады. Сен ақылдысың! Нағыз көмекшісің!» деген сияқты сөздермен нақтылай түсіңіз.


  • Тазалық қалай орындалатындығын айтып қана қоймай, көрсетіңіз. «Тазалық» сөзінің өзі бала үшін әзірше абстрактілі ұғым. Оған таза жерде тұрған ұнауы мүмкін. Бірақ ол әзірше қалай тазалау қажеттігін білмейді де. Тазалық жүргізілген бөлме қалай болатындығын көрсетіңіз.

 

  • Тазалық пен тәртіп тек қана балалардың бөлмесінде ғана емес, бүкіл үйде сақталуы тиіс. Бала өз төңірегінен таза, жиналған, отбасы мүшелерінің барлық заттары өз орындарында ұқыпты қойылған үйді көруі қажет. Мұндай жағдайда уақыт өте келе баланың да дәл осында қылыққа баратындығын күтуге болады. Ата-ананың жеке үлгісі – бұл табыстың жартысы.

 

  • Бала сізге қол ұшын берген кезде еш уақытта да «Болды, мұнан әрі көмектесудің қажеті жоқ. Сен жұмысқа жұмыс қоса түстің»  немесе «Рахмет, көмектестің, енді сенен кейін барлығын қайта жасап шығуға тура келеді» деп айтуға болмайды. Бұл сөздермен сіз баланың сізге көмектесуге деген ынта-жігерін жоғалтып қана қоймай, оның өзіне деген сенімсіздігіне негіз қалайсыз.

 

  • Балаға оның бөлмесіндегі тазалықты сақтау және барлық заттарын өз орындарына қоюы қандай пайда әкелетіндігін түсіндіріңіз.

 

  • Ойыншықтарды сұрыптап, жәшіктерге, сөрелерге қойыңыз. Бір шкафта машиналары сақталсын, бұл оның көлік тұрағы болады, ал сөреде жан-жануарлардың мүсіндері тұрсын, аспалы, шыны секцияларда барлық ұсақ-түйек ойыншықтарды сақтау ыңғайлы.

 

  • Ойыншықтардың шамадан тыс көп болмауын қадағалаңыз. Әйтпесе баланың назары жан-жаққа ауып, бірде-бір ойыншыққа назарын шоғырландыра алмайды. Ойыншықтардың бір бөлігін біраз уақытқа жасырып қою жақсы әдіс. Бір-екі аптадан кейін немесе айдан соң оны алып шығып балаға беру, бұл ретте ойыншықтадың келесі бір тобын жасырып қою керек. Бала кішкентай кезінде тығып қойған және қайта алып берілген ойыншық жаңа сияқты қабылдайды және бұдан оның қуанышы еселене түседі.

 

  • Балаға көмектесіңіз. Ол әзірше жалғыз өзі бүкіл бөлмені тазалап шығуға қауқарсыз. Сондықтан сіздің қолдауыңыз бен көмегіңіз ол үшін маңызды болуымен қатар, аса қажет те.

 

  • Барлығын және бірден талап етпеу керек. Тазалыққа үйрету – ұзақ процесс, жылдарға ұласуы мүмкін. Бірақ соңғы нәтижеде мақсатқа қол жетекізіледі: әрі бала тазалыққа үйреніп қана қоймай, өзгенің көмегінсіз тазалық сақтауға дағдыланады.

 

  • Ойыншықтарға арналған сөрелер мен жәшіктер баланың қолы жететін жерде болғаны абзал. Егер бала оған қол жеткізе алмаса, онда ол жерді тазалай да алмайды.

 

  • Ең бастысы бастаған істі жарты жолда қалдырмаңыз. Бірқатар уақыт пәтеріңізде нағыз бейберекетіздің орын алатындығына дайын болыңыз. Мұның уақытша құбылыс екендігіне сеніңіз. Егер бала өз ойыншықтарын жеңіл басқара алатын болса, ата-анасының кез келген уақытта оған көмекке келетіндігін білсе және бұған қоса тазалық сақтау қажеттігін түсінер болса, онда ол тәртіпке бірден үйренеді.

 

Дереккөз: reactor.inform.kz

0
түсініктер
Анаңызбен қарым-қатынасыңыз қалай?
Қарау
Ана сүті
Қарау
Бала ұйықтамай қойған кезде не істеу керек?
Ең алдымен балалардың неге ұйықтамайтынын анықтайық: 1. Қолайлы уақыт өтіп кеткен  Баланың ұйықтайтын дер уақыты өтіп кеткен және оның екінші тынысы ашылған. Баланың ұйқысы келмейтіндей көрінеді, бірақ шын мәнінде бала тыныштала алмай отыр деген сөз. Кешке қарай баланың ойындары да баяу болуы керек. 2. Қызықты істер тым көп  Кон
Қарау
Бала неге балабақшаға барғысы келмейді?
Қарау
Балаңыз көркем сөйлеп, шешен болсын десеңіз...
Қарау
Баланы өз бөлмесінің тазалығын сақтауға үйретудің жолдары
Қарау
Балаға мультфильм көрсету ережелері
Қарау