Балаңызды шексіз бақытқа бөлейтін он әрекет... 

Балаңызыдың сізге деген көңілі толып, мейірімді болып өсуіне ықпал жасағыңыз келсе, перзентіңізді шексіз бақытқа бөлейтін он әрекетті білгеніңіз жөн.


Ендеше психологтың кеңесіне құлақ түріңіздер: 

1. Балаңызды ұйқыдан оятпастан бұрын, құлағына сыбырлап, мен сені жақсы көремін деп айтыңыз. Сіздің мейірімді жүрегіңізді сезсін; 

2. Маңдайынан сүйіп тұруды әдетке айналдырыңыз. Балаңыз маңдайыңызға біткен жарық жұлдызыңыз болсын десеңіз; 

3. Алақанынан ұстап, менің жан жүрегім деп айтыңыз. Сіздің керек екеніңізді сезе білсін; 

4. Құшағыңызға қысып, қалағаныңызша мейіріммен құшақтаңыз. Сіздей жанның жалғыз екенін сезе жүрсін; 

5. Тосын ашық хаттар жазып, жатын бөлмесіне қойып қойыңыз. Сіздің хатыңыз дүниедегі ең әсерлі хат екенін біле жүрсін; 

6. Жүзінен күлкі көргіңіз келсе, жақсы ойлар ойлап жақсы сөз айтыңыз; 

7. Жұмыста отырып балаңызды қатты сағынсаңыз, тек оның жақсы қылықтарын еске алып, үйге барғанда жақсы көңіл-күймен келіңіз. Сіздің әдемі күлкіңіз - олардың жан жүрегінің тыныштығы. Сіз көңілсіз болсаңыз, балаңыз да тура сондай күй кешеді; 

8. Тәтті ұйқыға кетер алдында ертегі айтыңыз; 

9. Жүрегінің дүрсілін қолыңызбен ұстап көріңіз де, ішіңізден жан жүрегім деп айтыңыз; 

10. Мейіріммен жұбатып, жанына демеу болыңыз.

 

Дереккөз: vk.com

0
түсініктер
Баланың мінез-құлқындағы елемеуге болмайтын 6 белгі
Қарау
Емшектегі бала салмақты аз жинаса не істеу қажет
Қарау
Үш жастағы балада болатын дағдарыс
Балалар өсіп келе жатқан кезде күрделі өтпелі кезеңдер немесе дағдарыс кезеңдерін бастан кешеді. Бұны барлық тәжірибесіз аналар мен әкелердің білу керек. Әдетте, дағдарыстар бір, үш, жеті, он үш немесе он төрт жасында (баланың жас ерекшелігіне қарай) байқалады. Егер балаңыз бұрындары сабырлы және мойынсұнғыш болған болып, кенеттен қыңырлық танытып,
Қарау
Мейірімді бала тәрбиелеудің 11 жолы
Қарау
Баланың агрессиясы
Қарау
Екінші бала
Қарау
Балаңызды шексіз бақытқа бөлейтін он әрекет... 
Қарау