Сәбидің әр айдағы даму кезеңдері

Қимыл-қозғалысы мен психикасының дамуы :



1 айлық бала тік көтерген кезде басын ұстауға тырысады; 
 

2 айлығында етпетінен жатып, басы мен кеудесін көтереді; 
 

3 айлығында етпетінен жатып, шынтақтап денесін көтереді, демеп ұстаса, жамбастап отырады, шалқалап жатып, бүйіріне аунап түседі, мойны қатайып, басын тік ұстайды; 
 

4 айлығында қозғалысы ширап, жеңілдей түседі; бала көтерілгенде алақаныменжер тірейді, әрі-бері аунап түседі, шалқалап "көпір" жасайды, әр түрлі заттарды қолына ұстайды; 
 

5 айлығында әлденеге сүйеніп отырады, қолтығынан демесе, тізесін бүкпей түзу тұрады; 
 

6 айлығында демеп ұстамай-ақ өзі құйрығын басады, немесе тік тұрып, аяғын басуға талпынады; 
 

7 айлығында еңбектейді, өздігінен отырады, тізерлеп тұрады, қолынан ұстап демесе, аттап қадам басады, ойыншықтарын бір қолынан екінші қолына алмастыра алады; 
 

8 айлығында өздігінен отырады, басын өзі көтере алады, бір нәрседен ұстап жүруге талпынады; 
 

9 ай толғанда қаз тұрады және қолынан жетектесе қаз-қаз басады; 
 

10 айлығында өздігінен отырып тұрады, үстелді айналып жүреді, бір қолынан ұстаса, алғашқы қадам жасауға талпынады; 
 

11-12 айлығында бір қолынан ұстағанда жақсы жүреді, демеп ұстамай-ақ өздігінен жүруге талпыныс жасайды, сүйеусіз-ақ отырады, жерде жатқан затты тізерлемей жерден көтеріп алады.

0
түсініктер
Әке-шешенің ақылынсыз алға баспайтын 5 іс
Қарау
Балалар арасындағы қызғаныш туралы не білесіз?
Қарау
Баланы сыйлықпен алдамаңыз 
 Бүгінде көп ата-аналар бар уақытын жұмыс қарбаластығы немесе әлеуметтік желілердің әлегімен бекер өткізіп, балаларымен бірге болуға уақыт таппай жатады. Оның кемшілік екенін есті ата-ананың бәрі түсінеді. Енді баласының алдында сол әрекетін қалайда жуып-шайғысы келеді. Қалай? Сыйлықтармен! Бүгін мынаны алып беріп, ертең ананы а
Қарау
Бала неге өтірік айтады?
Қарау
Кітап баланың жетілуінде аса маңызды рөл атқарады
Қарау
Балам ақылды болсын десеңіз
Қарау
Жүктілік кезінде күйзеліске ұшырамау әдістері
Қарау