Бақытым балапаным

Бала бақытының гүлі анасының жүрегінде.

                                       Б.Н. Қанапияева

 

 Бала – бақыт, шаттық, бала – бауыр етің, іштен шыққан жаның мен жүрегіңнің бір бөлшегі. Өйткені бала – өмірдің сәні, Құдай тағаланың берген сыйы, аманаты. Ата-ана жылуын шашқан күн секілді сәулесімен баланың ішкі жан дүниесін баурай алғанда ғана оны жіті тани алады.

 Сонда ғана баланың әлсіз тұстары  дәл анықталып, соған сай жұмыс жасайды. Ал бала дегеніміз – тылсым дүние.Осы тылсым дүниенің сырына қаныға түссек, оған үйретілетін нәрселерді дұрыс кезекке қою да жеңілдеу соғады. Егер баланы өз қабылдау деңгейіне үйретсек, кішкентай кезінен дұрыс ойлау қабілеті қалыптасады. Ал егер, керісінше, ой-пікірмен санаспай, үйреткіміз келген жайттарды жөн-жосықсыз тықпаласақ, онда баламыздың болашағына балта шапқан боламыз. Сондықтан дүниеге келген сәтінен баланы дұрыс тани білу қажет. Корей халқы бала ішке біткен күннен бастап тәрбиелеген. Кейде аналар осы «Балам бұзық, мені тыңдамайды» дегеннен бұрын, баласын ішке біткен күннен бастап тәрбиелеу керектігін ойласа...

 

 Балапаныңыздың бақытты жүзін көргіңіз келсе, психологтың кеңесіне құлақ түріңіз:

 

  • Нені қалайтынына мән беріңіз.
  • Жыласа алдаусыратып, ұялы телефон бермеңіз.
  • Көңілінен шығу үшін алдамшы ананың рөлін сомдамаңыз.
  • Жан жылуына зәру бала жүрегін мейіріммен толтырыңыз.
  • Әсем әуен тыңдатуды үйретіңіз.
  • Жылауға әрекет жасаса. жанына медеу болатындай әсерлі өлең айтсаңыз да болады.
  • Әрдайым күлімдеуге жағдай жасаңыз.
  • Әкесімен бірге саябаққа барып, көңіл көтеріңіздер.
  • Санасына жақсы сөздерді сіңіре біліңіз.
  • Адамдардан балапаныңыз туралы жақсы пікір естігіңіз келсе, сіз де олар туралы жақсы пікірды болыңыз.
  • Таңертең оянғанда жақсы көретін тілегіңізді айтыңыз.
  • Баланың бақыты сіздердің қолдарыңызда!

 

 

 

 

 

Дайындаған: Балжан Нұрғалиқызы Қанапияева, ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог.

 

0
түсініктер
Құрсақтағы тәрбие
Қарау
Бала тәрбиесіне қатысты пайдалы кеңестер
Қарау
Бір жасқа дейінгі балалардың тамақтану түрлері: табиғи, аралас, қолдан тамақтандыру
• Табиғи тамақтану туралы түсінік, ана мен баланың денсаулығына әсері. • Кеудеге салу мерзімі. • Ана сүті мен уыздың құрамы. • Жасанды тамақтандыру, аралас тамақтандыру туралы түсінік. • Баланы аралас және жасанды тамақтандыруға ауыстырудың себептері. • үстеме, қосымша тамақтарға мінездеме, маңызы. &n
Қарау
Ата-аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті 14 кеңес 
Қарау
Дарынды балалар
Қарау
Қай ұлт баласын қалай тәрбиелейді?
Қарау
Баланың бақытты болуына кім жауапты?
Қарау