Баланың бақытты болуына кім жауапты?

Мейірімді жүрек баланың жүрегіне жол табады.

                                                    Қанапияева Б.Н

 

 Әр баланың өз несібесі мен ырыздығы болады. Баланы жақсы көру мейіріммен тәрбиелеу әр ананың қолынан келе бермеуі мүмкін.

 Сіз балаңызды мейіріммен тәрбиелегіңіз келсе психологтың кеңесіне құлақ түріңіздер:

  • Баланы жақсы көру,  мейірімділікке тәрбиелейді.
  • Балаңыздың  айтар сөзіне мән беріңіз.
  • Баланы кішкене күнінен бастап, жақсы сөздерді құлағына сіңіруге үйретіңіздер.
  • Баланы жақсы тәрбиеге үйреткіңіз келсе өзіңіз жақсы болыңыз.
  • Балаңызды мұңайған кезде, мақтау сөздер айтыңыз.
  • Отбасының шаттыққа бөленуі, отанасына байланысты ал ер азаматы қорғанышы ғана.
  • Жылулықты да сездіретін әйел адам, бақытты отбасын шат-шадыман шаттыққа бөлейтін анасы, мен баласы.Ал сол отбасының шаттыққа бөленуі анасы мен әкесінің қолында.
  • Баланың бақытты болуы, анасы мен әкесіне байланысты. Сонда ғана бала да бақытты болады.
  • Ана неғұрлым өз баласын, сезіммен шын жүрекпен сүйсініп жақсы көрсе бала өскенде мейірімді болып өседі.
  • Әкесімен анасының мейіріміне қанығып өскен бала, болашақтың жарқын жүзді тұлғасына айналары сөзссіз.
  • Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар деп, қазақ халқы бекер айтпаса керек. Бала болған   үйде шаттық та, қуаныш та болады. Баланың күлкісі мен қылығы қай жанды да, қызықтырмай қоймайды.

 Бұл айтылған кеңестер бала тәрбиесінің маңызын арттыруға жәрдемдесері сөзсіз. Сондай-ақ, өз баласын түсінбей жүрген ата-аналар да бар. Кінәні баладан іздегенше, өзіңіздің қандай ана екеніңізді ойланыңыз.Бала сіздің іс-әректіңізді қайталаушы ғана. Баланың бақытты жүзін көргіңіз келсе, осы айтылған кеңестерді жүзеге асырып көріңіз.

 Баланың бақытты болуы анасы мен әкесіне байланысты!

 

 

 

Дайындаған: ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы

 

1
түсініктер
Роза Рымбаева
2
Ия
Жауап беру 02.10.2017 в 22:28
Бақытты сәбиді тәрбиелеудің 12 ережесі
Қарау
Ер балаға үйретуге тиіс үш нəрсе
Қарау
Баланы мәжбүрлеп шектен тыс тамақтандырудың зардабын білесіз бе?
Жас аналардың сәбилеріне «Әкең үшін бір қасық, анаң үшін бір қасық» деп қинап тамақ ішкізіп жататынын жиі көреміз. Дәл осы, тамақты тойғанша ішкізу баланың болашақта көптеген ауруларға шалдығуына себеп болады.  Атап айтқанда, анорексия – астан бас тарту, булемия – тамақты талғамай ішу және психологиялық ауытқушылық
Қарау
Жүктілік кезінде қандай шай ішуге болады?
Қарау
Бала тәрбиелеудің 9 өсиеті
Қарау
Бала емізіп жүрген ана тамақтануының негізгі ережелері
Қарау
Нәресте күтімі
Қарау