Сәбилік кезеңдегі тәрбие

 Зарығып  күткен перзенті дүниеге келгендегі Мұқағали ақынның тебіренісі әрбір жанның ұрпақ сүйгенде бастан кешетін сырлы сезімін бейнелегендей:

Иә Алла, көрдім бе, көрмедім бе?!

Иә Тәңірім, бердің бе, бермедің бе?!

Шырылдаған үніңнен айналайын,

Шынымен өмірге келгенің бе?!

 

 Осы өлеңнің өзінде қаншама балаға деген ыстық сезім жасырылып жатыр. Сәбилік кезеңдегі бала тәрбиесіне неғұрлым тереңірек үңілсек баланың болашағы жарқын әрі мәнді болары анық. Ендеше төмендегі психологтың кеңесіне құлақ асыңыздар:

  • Сәбилік кезең: 0-2 жас аралығы. Сәбилік кезең бала туылған сәттен бастап, екі жасқа дейін жалғасады. Қасиетті Құранда сүт ему уақыты екі жыл екендігі айтылған.
  • Көбіне ата-аналар бала тәрбиесінде сүт ему кезеңінің маңыздылығына аса мән бермейді. Алайда, баланы тазалыққа, белгілі бір тәртіпке үйрету кезі нағыз осы айлар болса керек.
  • Психологтардың айтуынша, баланың өзіне деген сенімділігі, тұйық немесе ашық мінезділігі, тартыншақ немесе батыл болуы да осы кезеңде қалыптасады екен.
  • Анасының әсіресе сүт емізіп жатқанда сәбиді шешесінің мейірлене құшағына басуының өзі маңызды.
  • Балаға дұрыс ойыншықты таңдай біліңіз сапасына мән беріңіз, қорқынышты ойыншықтарды алып беруші болмаңыз.
  • Бесік жырымен сусындатыңыз. Бесік жырын тыңдап өскен бала мейірімді ақылды болып өседі.
  • Жыласа қолына ұялы телефонды немесе теледидарға телміртуді қойыңыз. Сәби психолгиясына әсер ететін болады.
  • Тазалыққа үйретіңіз, ұрсып айғайлаушы болмаңыз.
  • Тыңдамаса ананы алып беремін, мынаны алып беремін деп алдауды қойыңыз. Айтқан затын айтсаңыз алып беріңіз, алып бермесеңіз уәде бермеңіз сізден сосын көңілі қалады.
  • Сәби жүрегі қашанда нәзік ,әрі жұмсақ болып келеді. Осы кезде анасы мен әкесі баласына дұрыс тәлім-тәрбие көрсетсе болашағы жарқын болары анық.

 

 

 

 

Дереккөзі:Исламдағы бала тәрбиесі Қ.Бағашар.

Дайындаған: ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы

0
түсініктер
Дарынды балалар
Қарау
Қай ұлт баласын қалай тәрбиелейді?
Қарау
Баланың бақытты болуына кім жауапты?
Мейірімді жүрек баланың жүрегіне жол табады.                                                     Қанапияева Б.Н    Әр баланың өз несібесі мен ырыздығы болады. Баланы жақсы көру мейіріммен тәрбиелеу әр
Қарау
Әрбір ата-ана білуге тиіс қағидалар
Қарау
Пайдалы әрі арзан 10 ойыншық
Қарау
Балаңызды емшектен шығаруға асықпаңыз
Қарау
Бала тәрбиесіндегі ескеретін жағдаяттары
Қарау