Жақсы ана болыңыз

Әрбір балатоғыз ай  анасының құрсағында және өмір бойы жүрегінде.

 

 Қыз баласы құтты орнын аттап, құрсағына  бала біткен күннен бастап, өзін ана болуға тәрбиелеуі керек. Неге? Өйткені баланы іште жатқан уақытынан бастап тәрбиелеп, көркем мінезділікке баулысаңыз және оның  нәтижесіне қол жеткізсеңіз, сізден асқан бақытты ана жоқ.

 Жақсы ана болу үшін, балаңызға уақыт жұмсап, жақсы көңіл бөлсеңіз, бала тәрбиесіндегі биік шыңдарды бағындырар едіңіз.

 

 Жақсы ана болуға арналған кеңеске құлақ түріңіз:

  • Балаға керегі - сіздің көңіл бөлгеніңіз, ақшамен көңілін табамын деп ойламаңыз.
  • Балаңыз уақытын тиімді пайдаланып жүр ме? Қадағалаңыз.
  • Баланы қуантатын нәрсе - анасының көңіл-күйінің көтеріңкі болғаны.
  • Ашу үстінде тұрғанда, балаңызға айғайлап ұрсушы болмаңыз, балаңыз бірбеткей жасық болып өседі.
  • Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой өлкесі деп, бекер жырға қоспаса керек. Қазақтың бас ақыны Абай  өлеңмен өрнектегендей, перзент сүю - ата-ананың жан қалауы. Әр ана өз баласының бақыты болғанын қалайды.

  • Біз баламызға қаншалықты қуаныш сыйлаудамыз.
  • Балаңыз сізге қарап бой түзейді, қызыңыз болса сізге ұқсағысы келеді, ұлы әкесіне қарап тәрбие алады. Сондықтан өзіңізді тәрбиелеңіз.
  • Бар кінәні баладан көрместен бұрын, сіз өзіңізге мен қандай анамын деп сұрақ қойыңыз? Жауабын өзіңіз табасыз.
  • Жақсы ана болу - балаңызға деген құрметіңіз, балаңыздың сізге деген құрметі.
  • Балаңыздың сүйікті асын дайындауды әдетке айналдырыңыз.
  • Ер-азаматыңызға да көңіл бөліңіз, балаға көп көңіл бөліп ер-азаматыңызды ұмытып кетпеңіз. Ол да - сіздің жүрегіңіздің жартысы, махаббатыңыз.
  • Жақсы ана болу - отбасының тыныштығы мен берекесі,үйдің шам шырағы.
  • Жақсы ана болуға жетелейтін - сіздің балаңызға деген мейірімді жүрегіңіз.
  • Қазақтың әрбір әйел заты өз баласын, қазақы дәстүрмен, мықты мәдениетімен тәрбиелесе, балаңыздан көп үміт күтуге болады.
  • Жақсы ана болу өз қолыңызда!

 

 

 

Дайындаған: ҚР "Қазақ психологиялық қоғамы" бірлестігінің мүшесі, психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы

 

0
түсініктер
Бала тәрбиелеудің 9 өсиеті
Қарау
Құрсақтағы тәрбие
Қарау
Бала тәрбиесіне қатысты пайдалы кеңестер
1. Сіздің балаңыз сіздің көңіл-күйіңізге жауапты емес. Егер күйзелісте жүрсеңіз, ашуға тез булықсаңыз, бұныңыз мүлде дұрыс емес. Баланы тәрбиелеу кезінде дауыс көтермеген әлдеқайда тиімді, жүзіңіз мейірім төгіп тұрсын, балаңызға байсалдылық пен махаббатыңызды үлгі етіңіз. 2. Баланың әрекетіне өзіңіздің жауабыңызды өзгерту үшін ең алдымен өз тәрт
Қарау
Бір жасқа дейінгі балалардың тамақтану түрлері: табиғи, аралас, қолдан тамақтандыру
Қарау
Ата-аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті 14 кеңес 
Қарау
Дарынды балалар
Қарау
Қай ұлт баласын қалай тәрбиелейді?
Қарау