Балаға смартфонды неше жаста әперу қажет?

 Ғалымдар балаларға смартфонды қай жаста әперу керектігін тұжырымдады. Мамандар бұны анықтау үшін зерттеу жүргізген. Сарапшылардың сөзінше балаға 8-10 жасға толғанша телефон әперудің қажеті жоқ. Бұл жастағы бүлдіршін гаджеттің пайдасын да, құнын да бағамдамайды.


 Ең бастысы, балаға оның пайдалы жақтарын көрсету. Себебі сәби ойын ойнап, керексіз қызығына беріліп, санасы улануы мүмкін. Оның алдын алу үшін телефонға тек керекті қосымшаларды жазып, қалған қосымшаларға шектеу қойып тастау қажет. Мысал үшін шетел тілін жылдам меңгеруге көмектесетін бағдарламаларды орнатуға болады. Мамандар смартфондардың пайдасы мен зиянын жіктеп шыққан.
  
Сонымен пайдалы жақтары:

  • Заманауи гаджеттің көмегімен оқушы өзіне қажетті ақпаратты жылдам тауып алады. Уақытын үнемдеп, оқу процесін тездетеді.
  • Бала өз бетінше шетел тілін үйрене алады. Бұл үшін арнайы бағдарламалар жеткілікті.
  • Планшеттің көмегімен баланың дамуына арналған қосымшаларды жүктеп алуға болады.
  • Гаджетті қолдану – баланың деректерді жинау, бақылау дағдысын қалыптастырып, көру және есту қабілеттерін арттырады. Үш жасқа дейінгі балаға телефонды бір сағаттан артық бермеген абзал. Және жиырма минут сайын көзін демалтып, үзіліс жасап отыру керек. Үш жастан асқан балаға аз-аздап уақыт созуға болады. Бірақ әр 20-30 минут сайын оларға да үзіліс керек.

 

Жағымсыз жақтары:

  • Гаджеттерді үнемі пайдалану артық салмақ қосуға себеп болады. Себебі бала далада құлдыраңдап ойнайтын уақытында, бір орында тапжылмай отырады.
  • Бір орында ұзақ отыру аяқ пен ішкі ағзалардағы қан айналымын бұзады.
  •  Үнемі гаджетпен ойнап отыратын балалардың омыртқасы қисайады.
  • Гаджет ерте жастан баланың көру қабілетін нашарлатады. Артериялық қысымды арттырады.
  • Гаджеттерді пайдалану саусақтардың бұлшық ет тінін әлсіретеді. Баланың экран бетінде ойнап отырмай, қолымен сурет салғаны, саусағын қимылға келтіргені әлдеқайда пайдалы.
  • Бала жатар алдында смартфонмен ойнаса ұйқысы бұзылуы мүмкін.
  • Гаджетті жиі қолдану баланы тәуелділікке түсіреді. Ата-анамен қарым-қатынас азайып, баланың адамдармен араласуға деген қызығушылығы жоғалады.

 

Дереккөз: yorick.kz

 

0
түсініктер
Анаңызбен қарым-қатынасыңыз қалай?
Қарау
Мектепке барар алдында балаға айтылуы тиіс бес нәрсе
Қарау
Ана сүті
 Ананың сүті – жаңа туған нәрестені бірден – бір қоректендіретін және кез келген жұқпалы аурулардан қорғайды.Оның құрамында болатын қоректік заттардың пропорциясы толықтай қалыптасып үлгермеген сәби ағзасының қалыпты деңгейде өсуі және қорғалуы үшін дәлме – дәл мөлшерленген. Ана сүті, әсіресе,жаңа туған сәбидің ми жасушаларын
Қарау
Әркім білуі тиіс шынайы махаббат туралы шындық
Қарау
Бала ұйықтамай қойған кезде не істеу керек?
Қарау
Балаға смартфонды неше жаста әперу қажет?
Қарау
Бала неге балабақшаға барғысы келмейді?
Қарау