Жас аналарға

 Отбасында дені сау ұрпақ болуын ойласа, әйел мен еркек оны жүктілікке дейін ойлануы керек. Алдын ала емделіп, тексерілуі қажет. Қан аздығының себептері әртүрлі. Соны анықтаған жөн. Екінші орында – бүйрек аурулары. Қоршаған ортадағы судың сапасыздығы мен тағамымыздың құнарсыздығы болар, бүйрек аурулары өте көп. Бүйректе қан қысымының жоғарылауы пайда болады. Анализдері өзгереді. Қан қысымы көтеріліп, бүйрек істемей қалады. Іштегі ұрық та ауруға шалдығады. Кейде уақытынан бұрын босандыруға тура келеді. Үшінші орында – қалқанша безінің патология-сы. Күнделікті пайдаланылатын ауызсуымызда, тағамымызда йодтың болмауы өте қатты әсер етеді. Жүкті әйелдің денсаулығы, ұрықтың дамуы, миының жетілуі, баланың болашақтағы оқуы қалқанша безге байланысты. Күні жеткен әйелдердің өзі салмағы 1,8-2 келі болатын бала босанып жатады. Құрсақта толық дамымаған, жетілмеген, қанмен, қоректік заттармен қамтамасыз етілмеген нәрестенің туғаннан кейінгі денсаулығы нашар болатыны белгілі. Болашақ нәресте денсаулығын ананың өзі де алдын ала ойлауы керек.

 Жасыратын несі бар, соңғы кезде жас келіндер емшек сүтінің маңыздылығын біле тұра (тезірек қызметке кірісуді), сұлу да сымбатты қалпын сақтауды ойлап, сәбиін бірден емізікке үйре-теді. Бұл кішкентай сәби үшін тек алданыш. Ал ана сүті болашақ нәресте үшін таптырмайтын құндылық екенін ұмытпаған дұрыс. Ананың босанған-нан кейінгі күшінің қалыпқа келуіне ықпал ету және анемия мен басқа да ақаулардың дамуын төмендетуге әрекет ету үшін, жаңа туылған нәрестені ананың сүтімен емізу керек. Ана мен бала арасындағы биологиялық және эмоционалдық байланыс орнығып, ол ұзаққа сақталады. Емшекпен емізу кезеңі әйел өміріндегі аса жағымды және бақытты сәттердің бірі болып табылады. Алғашқы алты айда тек ана сүтімен емізу — жүктіліктің алдын алудың (98 пайыз) сенімді әдісі. Сүт және аналық бездердің қатерлі ісігінің даму қаупін бірнеше есе азайтады. Сүт безі ауруы көбіне репродуктивті жастағы әйелдер арасында көп кездеседі. Бауыр, жатыр қосалқылары мен қалқанша безі, сүт безі ауруларының пайда болуын күшейтеді. Қауіп-қатер тобына: бұрын босанбаған, бір-ақ рет босанған немесе бала емізбеген, абортты жиі жасатқан әйелдер жатады. Әйелдің диета сақтауы үлкен маңызға ие. Көкөніс пен жеміс-жидектерді – цитрустық жемістер мен қырыққабатты тұрақты қабылдап отыру қажет. Шылым мен ішімдіктен аулақ болып, күннің көзінде, моншада ұзақ болудан сақтанып, физиопроцедураларға абайлап қатысқан жөн.

Әйелдерде үнемі қан тапшы
 Десек те, әйелдерде жиі кездесетін сырқат – қан аздық. Көбіне бұл етеккір кезінде қанды көп жоғалту салдары-нан болады. Әйелдердің етеккір кезінде жоғалтатын қан мөлшері – 30-50 мл. Бұл, шамамен, 15 мг темір деген сөз. Егер етеккір 7 күннен артық болса, жоғалтқан темір мөлшері 50 миллиграмнан асады. Демек, бұл жағдайда темірге деген қажеттілік бірнеше есе артады. Темір тапшылығы бар әйелдің иммунитеті төмен, түрлі жұқпалы ауруларға берілгіш келеді. Әйел ағзасындағы бұл ақауды тек «В», «С» тобы дәрумендері бар темір препараттары толтыра алады. Сонымен қатар толыққанды тамақтануды да естен шығармаған жөн.

 Нәрестенің ауырғанын көзбен көру қиын. Темір жетіспеушілігі, яғни анемия секілді алдын алуға болатын кеселдің кесірінен неше түрлі аурулар туындап жатады. Темір жетіспеушілігінің жаппай алдын алуға арналған дәрі-дәрмек қанға тез тарайды, емдік тиімділігі жоғары, қолжетімді баға, ешқандай қарсы әсері мен өзге де жағымсыз құбылыстары жоқ. Осы жерде әңгіме ұнды темірмен және дәрумендермен байыту туралы болып отыр. Байытылған нан – бұл дәрумендендірілген жоғары және бірінші сортты бидай ұнынан жасалған кез келген нан өнімі. Елімізде байытылған ұнның жапсырмасында «сапалы азық» логотипі бар. Ұн – Тамақтану Академиясының еліміз үшін арнайы жасалған дәрумендері мен микроэлементтері кешені арқылы байытылады. Ұнда темірмен бірге фолий қышқылы, мырыш және «В» дәрумендері бар.

 Темір мен фолий қышқылы бізді анемиядан, ана өлімінен, туа біткен кемтарлықтан, сал және талма ауру-ларынан сақтайды. Байытылған ұнның нәтижесі бірден байқалады. Гемоглобин деңгейі қалпына келу үшін кемінде 1-2 жыл тұрақты түрде байытылған ұн мен нанды пайдалану қажет. Мұның технологиясы қарапайым: темір, мырыш, фолий қышқылы және «В» тобы дәрумендерінің 150 грамм қоспасын бір тонна ұнға қосасыз. Бұл оның сапасына ешқандай әсер етпейді. Шалғай ауылдардағы майға пісірілген шелпектер үлкен қалалардағы бәліштер (пирожное) дәмі жағынан бірдей, алайда құндылығы жағынан мүлдем бөлек болады.

 Байытылған ұннан жасалған өнім-ді пісіру және дайындау кезінде дәрумендердің біраз бөлігі жоғалады, алайда онда сіздің ағзаңыз үшін қажетті мөлшерде микроэлементтер сақталады. Ұнды байыту құны адам басына шаққанда жылына бар-жоғы 40 теңгені құрайды. Есіңізде болсын: құрамында темір бар қымбат дәрі-дәрмектер мен дәрумендерді сатып алғаннан гөрі, байытылған нан мен ұнды пайдаланған тиімді емес пе? Құнарлы тамақтану жүктіліктің жақсы өтуіне әрі құрсақтағы нәрестенің дұрыс дамуына көмектеседі.

Жас аналарға кеңес
 Сәбиді ана сүтімен қоректендіру оны көптеген аурудан сақтайды. Баланы емізетін кезеңде қобалжуға және ренжуге болмайды, өйткені мұндай жағдайда сүт азаяды немесе мүлдем шықпай қалады.

 Баланы емшектен шығарарда анасы сұйық тағамды аз ішуі тиіс, сонда 3-4 күнде суалып кетеді. Сәбиді күн ыстықта не ауырғанда емшектен шығаруға болмайды. Темекі түтінінің құрамында формальдегид, бензол және көміртегі монооксиді бар. Жүктілік кезіндегі темекі шегу нәрестеңізге зиянын тигізеді. Зиянды әдеттен аулақ болыңыз.

 

Дереккөз: vk.com

0
түсініктер
Анаңызбен қарым-қатынасыңыз қалай?
Қарау
Мектепке барар алдында балаға айтылуы тиіс бес нәрсе
Қарау
Ана сүті
 Ананың сүті – жаңа туған нәрестені бірден – бір қоректендіретін және кез келген жұқпалы аурулардан қорғайды.Оның құрамында болатын қоректік заттардың пропорциясы толықтай қалыптасып үлгермеген сәби ағзасының қалыпты деңгейде өсуі және қорғалуы үшін дәлме – дәл мөлшерленген. Ана сүті, әсіресе,жаңа туған сәбидің ми жасушаларын
Қарау
Әркім білуі тиіс шынайы махаббат туралы шындық
Қарау
Бала ұйықтамай қойған кезде не істеу керек?
Қарау
Балаға смартфонды неше жаста әперу қажет?
Қарау
Бала неге балабақшаға барғысы келмейді?
Қарау