Балаңыз тым қорқақ, жасқаншақ болса

Бала тәрбиесі туралы кеңесте бір танысым: менің балам тым қорқақ, бөлмеде жалғыз ұйықтау деген жоқ. Ит, мысық, құрт-құмырысқа көрсе безе қашады. Тіпті біреудің дауысы қатты шықса да зәресі қалмайды, бұл қалай? Ержеткенде қалай күн көрмек? Мен соған уайымдаймын, -деді. Мамандардың зерттеуінше бұл шынымен уайымдайтын психология екен. 


Енді баланың қорқақ болуының бірнеше себептеріне тоқталайық. 

Біріншіден, бала іштегі кезде ананың уайымшылдығы себеп болады. Жүктілік кездерінде отбасылық жанжал жиі орын алған болса және ана өзі қорқақ, уайымшыл болса бала қорқақ болуы мүмкін. 

Екіншіден, баланы уату үшін немесе ұйықтату үшін ата-ана өздері қорқытады. Кішкентай кезімізде «угіжәй келе жатыр», «обай, аю әне», «қазір доғдыр келіп укол салады» деген секілді сөздерді көп естіп өстік қой, ол бала психологиясының ақаусыздығына кері әсері өте көп болатын амал екен. Қорқу сезімінен ұйқыға кеткен баланың ұйқысы да дұрыс болмайды, түнімен түрлі түс көріп, селк етіп ұйықтап, селк етіп ұйықтап мазасызданып шығады екен. 

Үшіншіден, бала бір нәрсе төгіп алса немесе сүт тасып кетсе анасы тосыннан одағай дыбыс шығарып, қатты үрейленген кейіпте «уаһ» деп ішегін тартса, бала да сондай болады. Әсіресе, анасы сондай әрекеттен арылу керек. Төгілген шай төгілді, тасыған сүт тасыды, енді оған тіпті назар аудармаған күйде айтып отырған әңгімеңді жалғастыра жүріп жайлап барып сүртіп алсаң, оны көріп өскен бала кез келген оқыс жағдайларда сасқалақтамай, байыппен қарап, байсалды әрекет жасайды. 

Төртіншіден, ананың өз қорқақтығы себеп болады. Мысалы, найзағай шатырлап, боран соғып, жаңбыр төпен кеткенде өз жайында отырған немесе ұйқтап жатқан баланы анасы жүгіріп барып құшақтай алды делік, міне сол бала жаңбыр құйып, найзағай шатырлаған кезде қорқу сезімінен өмір бойы арыла алмай жүреді. 
 Бұл баланың қорқақ болуының себептерінің бір сыпарасы ғана. Есті ата-ана өз өмірлеріне қарай отырып өзге де себептерін табуы мүмкін ғой, ендеше, себебін білген соң, амалын жасап ары қарай баланың жасқаншақ, қорқақтығынан арылуына әрекет ету керек. 
 Бала бойындағы бұл күйді өзгерте қою оңай емес әрине. Бірақ қажетті амалдарды сөзсіз жасау керек. 

Кейбір мамандар ұсынған төмендегідей ұсыныстар жасап көруге болады. 
Өзі бұйығы, мінезі бір тоға баланы қорқақ баламен шатастырып алмау керек, ең алдымен балаңыздың мінезін, психологиялық күйін жақсы білуіңіз керек. 
Баланың өзі қорқатын обьекті немесе ортаға төтеп бере алатын сенімге ие болуына көмектесу. 
Балада қорқақтық пайда болған ата-ана мазақтамауы, жазаламауы керек. егер бала қараңғы үйде ұйықтаудан қорықса, төсегінің басына айырып-қосқыш орнатып беріңіз, оны жаға ма, өшіре ме, өзі біледі. Бастысы соған сенгеннен қорқыныш сезімі ұмытыла бастайды. Кейін жасы өсе келе қараңғы болғанда, не жарық болғанда тұрған түк те жоқ екенін түсінеді. Бойында үрей қалып кетпейді. 

Себебін түсіндіру. 
 Балаға қызықты сауаттық білімді көбірек айтып тұрыңыз. Айталық кей бала арадан қорқуы мүмкін. Оған араның ерекше еңбекшіл екенін, мыңдаған гүлден бал шығаратынын, тек өзің тиіспесең, оның сені шақпайтынын жалықпай әңгімелеңіз. Құмырысқа жайында да солай. Оның күштілігін, тәртіптілігін әдемілеп бала түсінерлік мысалдармен айтып отырыңыз. 
 

Сурет сыздыру. 
Орайын тауып баланың өзі қорқатын, сондай-ақ оны жеңіп шығатын суреттер салдыру керек. Болмаса бақшадағы апайына сол заттың суретін көбірек салдыруды тапсырыңыз. Бала сол суретті қаншалық шабытпен сызса соншалықты жақсы. Ол өзін қолына шоқпар, қылыш ұстап, зеңбірек кезеніп тұрған батыр ғып көрсетіп сызса, қорыққан нәрсесіне сайыс жариялап жеңгендей сезім пайда болады. Осы сезім бірте-бірте қорқынышты жеңеді. 
 

Шағын театр. 
Үйде немесе бала бақшада шағын театр құрып баланы рөлге шығару арқылы оны қорқақтықтан арылтуға болады. Шағын театрға екі орындық, бір шымылдық, бірнеше қуыршақ жетіп жатыр. Негізінен бас кейіпкер, бірден-бір әртіс бала, қалғандары көрермен болуы керек. Ойын барысында балаң көңіліндегі қорқынышты нәрсені айту немесе қатыстыру. Сонан соң оны жеңудің әдіс-айласын тауып, ақыры соңында жеңіс туын желбірету! Сонымен қоса батырлар туралы айтып, олардың бала қорқатын нәрсені қалай жеңгені туралы әсерлі баяндау. 
 

Түйін.

Баланың тым қорқақтықтан арылтудың әдіс-тәсілдері көп-ақ. Тұрақты формуласы жоқ, белгілі шеңбермен шектелмейді. Адамына, уақыт, ортасына қарай үйлесімді амалдарды қолдана беруге болады. Ең бастысы сол үрей бала бойында қалып кетпеуі керек. Қысқасы, баланы түсіну, аялау, бала жылы қабылдайтын форма, тәсілмен олардың ойнап-күлу, жүріс-тұрыс барысында қорқынышты бірте-бірте жеңуіне, жасқаншақтықтан арылуына көмектесуіміз қажет. Ол үшін ата-ана баланы дербес тіршілік етуге қаршадайынан баулуы, олардың лайықты машықтануына, сондай-ақ біртіндеп өзгеруіне ықпал жасау керек.

 

Дереккөз: vk.com

0
түсініктер
Анаңызбен қарым-қатынасыңыз қалай?
Қарау
Мектепке барар алдында балаға айтылуы тиіс бес нәрсе
Қарау
Ана сүті
 Ананың сүті – жаңа туған нәрестені бірден – бір қоректендіретін және кез келген жұқпалы аурулардан қорғайды.Оның құрамында болатын қоректік заттардың пропорциясы толықтай қалыптасып үлгермеген сәби ағзасының қалыпты деңгейде өсуі және қорғалуы үшін дәлме – дәл мөлшерленген. Ана сүті, әсіресе,жаңа туған сәбидің ми жасушаларын
Қарау
Әркім білуі тиіс шынайы махаббат туралы шындық
Қарау
Бала ұйықтамай қойған кезде не істеу керек?
Қарау
Балаға смартфонды неше жаста әперу қажет?
Қарау
Бала неге балабақшаға барғысы келмейді?
Қарау