Ене мен келін


Динара 12.12.2016, 06:48
Енем де, атам да арақ ішеді. Жылына бір екі рет ұзақ мезгілге запойға кетіп отырады. Екі балам бар, үлкені балабақшаға жасы келді, ал кіші балам 8 айлық. Жазда кішісін екі-үш айға соларға беріп жұмысқа шыққым келеді. Бірақ олар сол мезгілде ішіп кетсе баламның жағдайы не болады деп уайымдаймын. Не істесем екен? Атам мен енем ғана ауылда, ішпесе екеуі жап-жақсы. Бала берем деп бəлеге қалам ба? Ақыл қосыңыздаршы
Арайлым 21.12.2016, 04:17
Динара! Ондай арақ ішіп алатын адамға сенім жоқ. Балаңызға бірдеңе болса, ертең өзіңізді кешіре алмассыз. Сол үшін өз басыңызды ғана ойламай, баланы да ойлаңыз. Енеңіз бірігіп ішкен соң, не сұрайсыз. Әйел ішкен жерде отбасы да, бала да азады.
Гука 04.01.2017, 03:23
мәә! Естімеген елде көп. Келіні бар ата-ененің арақ ішіп, сандырақтағаны қай сасқаны! Динара, жаным, сенбе оларға! Оларды емдету керек шығар