Тоқал алу


Админ 07.12.2016, 02:55
Қазір тоқал алу мәселесі көп қозғалып жүр. Заңды, заңсыз, көрсетіп, көрсетпей, жасырын тоқал ұстау деген белең алып кетті. Бір күні менің де басыма келмесіне кім кепіл. Жалпы күйеуің ертең тоқал алмас үшін, не істеу керек? "Бәленің" алдын алу керек деп ойлаймын. сол үшін сұрап отырмын
Қарақат 09.12.2016, 06:19
Сол тоқал алу дегеннен шаршадық! Анау да, мынау да тоқал алыпты деп, жастарға не үлгі көрсетіп жүрміз. Миға да алмау керек ондайды. Ойлаған сайын өміріңе сол бәліне өзің шақырады екенсің. Психологтар осыны көп айтып жүр ғой. Өзің нені көп ойласаң, сол орындалады. Осы бәле тақырыпты қозғамай ақ қояйықшы.
Айару 12.12.2016, 06:09
Қазіргі таңда шынымен де өтеее көп қозғалып кетті. Журналисттердің жұлдыздарға қоятын екі сұрағының бірі осы. Жауыр болды бір жағы. Пиар жасаудың ең оңай жолы "тоқал алу" немесе "тоқалға рұқсат беру" болып кетті ғой. Кейбір танымалдар әйел адамдар күйеуінің үстінен жүріс жүргенін, тоқалға рұқсатты өзім бергем деп абыройын арттырғандай сұхбат беріп жүргендерін қайтерсіз.
Кəмшат 12.12.2016, 07:03
Жасым 33-те. Тұрмыс құрмағанмын. Құдайға шүкір, қызметім жақсы, абырой-беделім бар. Бірақ жеке өмірім бос. Жігітім жоқ, жай сөз салып жүрген де адам жоқ. Кезінде екінші əйелім бол деген сияқты қалжың-шыны аралас ұсыныс болған. Қазір де ол адамға сол жөнінде əңгіме қозғасам кет əрі болмайды деп ойлаймын. Кейде ойлаймын, Осылайша құр қол қу тіземді құшақтап отырғанша, текті, білімді азаматтан бала тауып отырғаным жөн емес пе деп. Қайткенім дұрыс?
Балнұр 14.12.2016, 05:33
Егер, нақты себебі болса, мысалы: әйелі босана алмайды, қайтыс болады я болмаса, күйеуі жоқ әйелді алып, соны бақытты етемін десе, ортақ шешім қабылданған жағдайда қарсы болмас едім. Негізі , қалай болғанда да ата-бабамыздың дәстүрі, жаманшылығы жоқ деп ойлаймын
Еркежан 21.12.2016, 04:15
Адам неден қорқады, соған тап болады. Қазірден бастап сол нәрсені ойлай берсеңіз, өміріңізге өзіңіз-ақ шақырасыз. Сол себепті жамандықты жуытпас үшін, жақсы сөз сөйлеп, жақсы ой ойлап үйрендегінңіз дұрыс.
Пысық қыз 04.01.2017, 03:27
Кешіріңіз, бірақ сұрақ қойып отырған адам жалпы бір "ақауы" бар адам сияқты. Істейтін ісі жоқ па? Әлде басқа проблемасы жоқ па? Тоқал алам десе күйеуің бәрібір алады. Не істесең де алады! Маған десе, қылқынып, асылып қалсаң да, алам деген еркек алады. Менің ойым осы. Ақыр сұраған екенсің.