Қалай ұйықтаған пайдалы?

 Қандай жатып ұйықтаған пайдалы? Арқаңыз ауырып, денеңіз қарысып қала бере ме? Көзіңіз ісуін қояр емес. Басқаша жатыспен ұйықтап көріңіз. Себебі, дұрыс жатпасаңыз, сыртқы келбетіңізге әсер беріп, жайсыз сезіндіреді.

 Қытай медицинасында адамның бір қырынан жатып ұйықтағанының пайдасы зор екендігі айтылады. Сол жақ қырынан жату асқорыту үдерісін жақсарта түссе,оң жақ қырымен жату жүйке жүйесін босаңсытса керек. Кейде «Етбетіңнен жатпа, бетіңді жоғары қаратып ұйықтама» дегендерді де жиі естіп жатамыз. Бірақ, бүгінде мамандар бұл пікірмен келіспейді.

 Мамандардың айтуы бойынша, шалқасынан жатудың пайдасы айтарлықтай. Мойын мен бел еркін жатып, ал аяқ пен қол демалып қалады. Және де ол жүрек тамырларын, тыныс алу жүйесін, асқорытуды дұрыстайды екен. Ал қан қысымы жоғары адамдарға жастықты биік қойып, шалқасынан жатып ұйықтаудың көмегі тиеді..  Сонымен қатар, шалқасынан жату жас көрінуде де үлкен рөлге ие. Олай дегеніміз, шалқадан жатып ұйықтаған адамның беттегі бұлшық еттері босаңсып, терісі жазылады. Ал етбетінен жатсаңыз, бетке тез әжім түсуі мүмкін. Десе де, етбетінен жатқанда омыртқа аралығындағы шеміршек босаңсиды. Бұлай жату тек қарны аш кезде ғана пайдалы. Тойып тамақ жеп болған соң етбетінен ұйықтау гастритке ұшыратады.

 Қырынан жатқан адам қорылдамайды екен. Сол жақ қырымен ұйықтау өкпесі ауыратындар үшін пайдалы. Асқазаны ауыратындар да сол жақпен ұйықтағаны дұрыс, себебі,осылайша қызыл өңешке ағып кіретін қышқыл сөлін азайтуға болады. Ал созылмалы соқыр ішек қабыну ауыруы барлар оң қырымен жатуы керек. Және оң жақ қырымен жатқанда ұйықтағанда жүрекке түсетін қысым жеңілдейді.

 Одан бөлек, осылай жатқан кезде ағза мүшелерінің бәрі босаңсиды. Ал сіз қалай жатасыз?

 

0
түсініктер
Жаз мезгілінің денсаулыққа пайдасы мен қандай қаупі бар?
Қарау
Дерматит
Қарау
Миға қуат беретін 19 тағам
Миыңыз ағзадағы ең қымбат «жылжымайтын мүлік» екенін білесіз бе? Жинақталған калориялардың 20% - 30% дейін миды қуаттандыруға жұмсалады екен. Сондықтан, зиянды тағамдар дене пішініңізге қаншалықты әсер етсе, ми жұмысына да соншалықты әсері береді.  Диета сүйер қауымға жақсы жаңалық: семіздік ойлау функциясына жағымсыз әсер ете
Қарау
Сауықтыру демалысы
Қарау
Қозғалыс және денсаулық
Қарау
Ұлттық тағамдардың емдік қасиеті
Қарау
Сәбидің тісі шыққанда
Қарау