Салмақ тастау барысында жіберетін қателіктер

 Қазіргі таңда диета сақтаудың түрлі әдісі бар. Бірақ, олардың бірде-бірі 100 пайыздық кепілдік бере алмайды.

 Егер сіз шынында аз жеймін деп шешсеңіз, онда қарныңызды ашырмауға тырысыңыз. Бір аптада бір келіден артық арықтау қауіпті. Қарама-қарсы жағдайда салмақтан арылу денсаулыққа зиянды болады. Яғни, барлық зат алмасу процесі бұзылып, жүрек пен мидың жағдайы қиындайды.


 Егер азу процесі тым жылдам орын алса, онда ағза өз-өзінен май жинай бастайды. Яғни, адамның ішкі ағзасында адам еркінен тыс “қорқыныш” пайда болады. Бұдан кейін құлшыныс артып, тез толып кетуіңіз де мүмкін.

 Егер бір айда төрт келіден де көп салмақ тастасаңыз, онда организмнің өз-өзінен ыдыраған заттар әсерінен улану мүмкіндігі зор болып шыға келеді. Бірақ, үсті-үстіне ерекше қарқынмен спортпен айналыссаңыз, онда ыдыраған өнімдер жылдам шығып кетеді. Бұл өз кезегінде қан айналымы мен тыныс алу қарқынының жылдамдауымен байланысты.

 Салмақтан арылуға арналған дәрмектер тізімі өте шектеулі. Тек екі-үш дәрі ғана белсенді түрде пайдаланылады. Бұл дәрілер салмақты бір жылда тек 8 пайызға дейін ғана төмен түсіре алады. Бірақ, оларды пайдалану арқылы ұйқысыздық, артериялық, жүйкенің тынышсыздануы, ішектердің бұзылуы, жүректің айнуы секілді жайсыз жағдайларға ұрыну ықтималдылығы өте жоғары.

 Ең абзал тәсіл – калорияны өзіңе қабылдағаннан гөрі, оны таратуға күш жұмсау керек.

 

Дереккөз: islam.kz

0
түсініктер
Күлкінің адам денсаулығына пайдасы 
Қарау
Айнаға қарап, денсаулығыңызды байқаңыз 
Қарау
Судың емдік қасиеттері
 Су − тіршілік көзі. Осы мөлдір сұйықтыққа бар тіршілік тәуелді. Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған судың емдік қасиеттері жайында көбі біле бермейді. Су адамның шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттілігінен басқа да жайларға пайдаға асады. Назарларыңызға судың пайдасы, емдік қасиеттері жайында мәлімет ұсынамыз.
Қарау
Тар киімнің кесірі
Қарау
Кеңседегі денсаулық
Қарау
Адам көңіл-күйінің денсаулыққа әсері
Қарау
Жүз жасауға көмектесетін 7 ереже
Қарау