Таңғы ас ішуді ұмытпаңыз

 Халқымызда «Таңғы ас – Тәңірден», «Таңғы аста береке бар» деген сөздер бар. Алайда көпшілігіміз, әсіресе жастар жұмысқа немесе оқуға асыққанда таңғы асты ұмыт қалдырады. Бірақ таңғы ас ішпеудің денсаулығымызға тигізер зияны орасан зор.


 Арнайы зерттеу жұмысының нәтижесіне сүйенсек, таңғы ас ішпеу артық салмақ, гипертония, қандағы холестерин және қант деңгейінің артуына алып келеді.  Мұның барлығы жүрек және қан тамыр ауруларымен тікелей байланысты. Осыған орай ғалымдар Жапониядағы адамдарға зерттеу жүргізген. Мамандар еріктілерді 1995 жылдан 2010 жылға дейін бақылады. Осы 15 жылдық зерттеу кезінде 3772 инсульт жағдайы тіркелді. 1051 жағдайда геморрагиялық инсульт (миға қан кету) болған, ал 870 адамда жүректің ишемиялық ауруы анықталды. Мамандар анықтағандай, ешқашан таңғы ас ішпеген адамдарда жүрек-қан тамыр аурулары мен инсульт қаупі күн сайын таңғы асын ішкендерге қарағанда әлдеқайда жоғары. Сондай-ақ таңғы асын ішпегендерде қан қысымының көтерілуі жиі болады екен. Ал таңғы астан кейін қан қысымы төмендейтін көрінеді, деп жазады ozgepikir.kz.

 

1
түсініктер
Акнур Жумадин
0
Таңғы асқа қандай тамақтар жеуге болады соны жазсаңыздар????
Жауап беру 12.04.2019 в 21:11
Шығыстың сиқырлы сусыны 
Қарау
Алақанымызға нүктелік массаж жасайық
Қарау
Қосымша сусынды қай уақытта ұсынамыз?
 Өзі сөйлей алатын бала, әрине, керек кезде су сұрап ішеді. Ал емшек еметін немесе аралас тамақтанатын бөбектерге қосымша сусынды қай уақытта береміз? Жас сәбилер, тура ересек адамдар сияқты, тамақтанып болғаннан кейін шөлдейді. Сондықтан, сусынды тамақтан кейін немесе тамақтану аралығында берген жөн. Әсіресе, шырын, нәрсу секілді калориясы кө
Қарау
Қарбыздың пайдасы бар ма?
Қарау
Сүт – сүйекті нығайтады 
Қарау
Қайын шырыны емдік қасиетке ие 
Қарау
Қара бұрыштың емдік қасиеті
Қарау