Мынадай жағдайларда шәй ішуден аулақ болыңыз 

Шәй – көптеген адамдардың ең жақсы сусыны. Қартайған кісілердің шәйға деген құмары тіпті де арта түседі. Бұл ең бастысы оның құрамындағы сергіткіш кофеин заттардан. Дегенмен, мынадай жағдайлар кезінде шәй ішуден аулақ болыңыз. 


  •  Тұмауратып, дене температураңыз көтеріліп, қызып тұрған кезде шәй ішпегеніңіз жөн. Шәйдағы кофеин құрамы сіздің дене температураңызды тіпті де жоғарылатады. Оның үстіне дәрінің күшін жойып жібереді. 
  •  Бауыр ауруына шалыққан адамдардың ең жақсысы шәйді тұтынбағаны жөн. 
  • Жүйке-жүйесі әлсіз адамдар шәйді аз тұтынған жөн. Көбінесе түстен кейін немесе кешқұрым шәй ішуден аулақ болыңыз. Кофеин жүйкені сергітетіндіктен ұйқысыздыққа душар етеді. 
  • Араққа сылқия тойып алып, шәй ішу тіпті де қатерлі. Мас кезде шәй ішу бүйрекке ауыр салмақ түсіреді. Мас кезде шәйдің бүйректі зақымдау қуаты тіпті де арта түседі. 
  • Дәріні шәймен ішуге немесе дәріден кейін шәй ішуге мүлде болмайды. Бұл дәрінің күшін жойып қана қоймай, кофеин құрамы кейбір дәрілермен қосылып, басқа аурулар тудырады. 
  • Қан аздық ауруына шалдыққандар да мүлде шәй ішуге болмайды. Шәй әдетте қанда ерімейтіндіктен ауруды асқындырып жібереді. 
  • Бүйрегіне тас байланған адамдарға да шәй ішуге болмайды екен. 
  • Аш қарында шәй ішуге болмайды. Асқазан сұйықтығының бөлінуіне кері әсер беретіндіктен, ас қорыту жүйелерінің әр түрлі ауруларына душар етеді. Тамақтың алды-артында да шәй ішпегеніңіз жөн. Тамақ ішіліп, 20 минуттан кейін ғана «рахаттанып» отырып, шәй ішуіңізге болады. 
  • Ұйықтар алдындағы екі сағат мөлшерінде мүлде шәй ішпеңіз. 
  • Бізде әдетте түн асқан шәйді тұтына беретін әдет бар. Түн асқан шәй өз құрамын тез өзгертеді. Бұдан абай болған жөн. 
  • Балаларға қанық, қою демделген шәйді ішуге болмайды. Бұл балаларды қан аздық, темір құрамы жетіспеу секілді ауруларға душар етеді. 
  • Егер жүрек ауруыңыз болса, мүлде шәй тұтынбағаныңыз жөн. Шәйдағы сергіткіш кофеин жүрек ритмін тездетіп жібереді.

 

Дереккөз: vk.com

0
түсініктер
Жиі ауыратын балаларды сауықтыру амалдары
Қарау
Еріннің жиі жарылуы және емі
Қарау
Таңғы асқа балаларға беруге болмайтын тағамдар
Құрғақ тағамдар Қант қосылған жүгерінің қауызы мен шоколад түйіршектерін балалар жақсы көреді. Дегенмен құрамында қанты өте көп болғандықтан (363 ккал 100 г) таңғы асқа балаларға берудің қажеті жоқ. Орнына: көкөніс қосылған омлет Цитрусты фреш Жеміс қышқылы асқазан шырышындағы тұз қышықылын еселеп шығаратындығына байланысты күнделікті
Қарау
Аллергиядан зардап шегетіндер үйді қалай жинағаны дұрыс?
Қарау
Ғалымдар 3 жасқа толмаған баламен алыста демалуды құптамайды
Қарау
Газды сусындар 
Қарау
Еріндегі ұшықты қалай емдейді?
Қарау