Денің сау болсын десең

1) Жеткілікті мөлшерде су ішуге тырысу керек. 

2) Әр көкөніс пен жеміс-жидектерді өз мезгілінде жеу керек. Басқа мезгілде жеуден сақ болған жөн. 

3) Күнде айран және біраз бал жеу керек. 

4) Жалбыз (мята), жебіршөп (тимьян), зығыр дәндері, содана (чернушка) сияқты өсімдіктерді ас мәзіріне енгізген жөн. 

5) Күнде бір алма және бір сәбіз жеу керек. 

6) Шамадан артық тұз және шекерден ұзақ болған жөн. 

7) Етті азырақ жеу керек. 

8) Екі күнде үш рет тамақ жеу керек. Бұл мүмкін болмаса, күніне екі рет жеу керек. Бұл да мүмкін болмаса, таңғы ас мол, түскі ас азырақ, ал кешкі ас одан аз болу керек. 

9) Ыстық тағамдар үшін сазды немесе шын ыдыс қолданған жақсы. 

10) Қыстыгүні цитрусты жемістерді жеу керек. 

11) Жұмысы ақыл-оймен, зейінмен байланысты болған адамдардың мейіз жегені жақсы. 

12) Арпа нанын таңдаған жөн. 

13) Майлардан зәйтүн майын таңдау керек. 

14) Маргарин денсаулыққа зиянды. 

15) Әр күні таңертең 20 минут терең тыныс алу керек, әр демде 4-5 секунд демді ұстау керек. 

16) Таңертең жарым сағат шамасында жаяу жүру пайдалы. 

17) Әр күні түс уақытында қайлулә жасау, яғни біраз ұйықтап алу керек. 

18) Мүмкін болса, топырақта жалаң аяқ жүрген жақсы. 

19) Қарын ашпай тұрып тамақ жемеу керек, тоймастан тұрып кетпеу керек. 

20) Тым мұздай және өте ыстық нәрселерден ұзақ болу керек. 

21) Байсалды болу керек, кенет қуаныш пен қайғылардан сақ болған жөн. 

22) Ерлі-зайыптылар бір-бірін ренжітпеу керек. Ренжитін болса жүйкесі бұзылады, аурулар басталады.

 

Дереккөз: vk.com

0
түсініктер
Бетке қарап дертті анықтауға болады
Қарау
Семіздік себептері мен оны емдеу жолдары
Қарау
Тамақтан улану кезіндегі алғашқы жәрдем
Улану – ағзаға қандайда бір жолмен түскен улы заттардың салдарынан болатын адамның күйі. Улану қатты және созылмалы болады. Біріншісі ең қауіпті, өйткені адамның ағзасына түскен көп мөлшердегі у өмірлік маңызды мүшелерді бұзуға кіріседі. Мұндай жағдайда ағзаға тез арада алғашқы көмек көрсету қажет. Толығырақ: massaget.kz Шұғыл әре
Қарау
Іштің қатуын қалай тоқтатамыз?
Қарау
Ағзаны тазартуға арналған күріш диетасы
Қарау
Көздің көруін жақсартатын тағамдар
Қарау
Денің сау болсын десең
Қарау