Кеңседе отырып-ақ

 Күнделікті қарбаластан өзіңізге уақыт таппайсыз ба? Әсіресе, сағаттап бір орыннан қозғалмай отыратын кеңсе қызметкері болсаңыз, өзіңізге уақыт бөліп қана қоймай, үнемі жаттығу жасап тұру қажеттігін білетін боларсыз? Ендеше, жұмыс үстеліңізден алыстамай-ақ төрт түрлі жаттығу жасап, бойыңызды сергітіп, ойыңызды жинақтап алыңыз.

 

1. Жаттығу

 Орындықты үстелден біраз артқа шегіндіріп қойыңыз. Екі аяқты қосып, тік отырыңыз. Алақандарыңызды төмен қаратыңыз. Қолдарыңызды иықтың кеңдігінде алдыңызға барынша соза тік ұстаңыз. Алдыға созып, 2-3 секундтан соң шынтақты бүге қайта кейін тартыңыз. Қолды алға созғанда құрысып тұрған жауырын да жазылып, арқаңыздан жүк түскендей болады. Бұл жаттығуды 8 рет қайталаңыз.

 

2. Жаттығу

 Орындықтың сырт жағына тұрып, арқалығынан ұстаңыз. Өкшеңізді еденнен жоғары көтеріп, аяғыңыздың ұшымен тұрыңыз. Ішіңізді тартып, арқаңызды тік ұстаңыз. Дәл осы қалыпта денеңіздің үстінгі бөлігін қозғалтпай, екі аяғыңызды оңға бұрып, тізеңізді бүгіп, 5 секундтай тұрыңыз. Аяқты қайта тік ұстап, солға қарай бұрылып, жаттығуды 8 рет қайталаңыз.


 

3. Жаттығу

 Орындыққа отырып, денеңізді тік ұстаңыз. Қолыңызды алдыңызға созыңыз. 2-3 секунд бір қалыпта ұстап, одан кейін қайта арқа жіберіңіз. Орындықтың арқалығынан ұстап, тағы 2-3 секунд отырыңыз. Жаттығуды 10 рет қайталаңыз.

 

4. Жаттығу

 Ішіңізді тартып, денеңізді тік ұстап, орындықтың ұшына отырыңыз. Орындықтан мықтап ұстап, оң аяғыңызды бүге, тізеңізді еденге дейін тигізіңіз. Одан кейін сол аяғыңызбен дәл солай қайталаңыз. Жаттығуды әр аяққа 5 реттен жасаңыз.

 

 

 

Аударған: Құралай Мұратқызы

Дереккөз: takprosto.cc

0
түсініктер
Адамның қолына қарап бойындағы түрлі ауруларды анықтаңыз
Қарау
Мандарин жемісінің қандай пайдалары бар?
Қарау
Иммунитетті нығайтатын қоспа
Сіздерге ұсынылатын қоспа жүрек жұмысын жақсартып, күні бойы сергек жүруге септігін тигізеді. Мұнымен қатар, иммунитетті нығайтуға көмектеседі.  Бізге қажет азық-түліктер: 1) 300 г грек жаңғағы 2) 300 г кептірілген өрік 3) 300 г інжір 4) 300 г қара өрік 5) 300 г қара мейіз 6) 2 стақан бал 7) 2 лимон   Кептірі
Қарау
Есте жүрер ережелер
Қарау
Беліңіз неге ауырады?
Қарау
Қыста пайда болатын аурулардан сақтаныңыз
Қарау
Дұрыс тамақтану принциптері
Қарау