Қыздарды әсемдікке баулу

 Сұлулық пен сымбат тәрбиесінде атам қазақ жан сұлулығына ерекше мән берген. Сонымен қатар, тән сұлулығына да баса назар аударып, дене-бітімнің сымбатты болып өсіп-жетуін қадалаған. Тән сұлулығы тәрбиесінде қыздардың жүріс-тұрыс, қимыл-қылықтарына көп көңіл бөлген. Ес білгеннен бастап қыз баланы әсем жүруге, әсем тұруға, әсем сөйлеп, әсем күлуге дағдаландырған.

 

 Тәжірибелі аналар қыздары 7 жасқа толғаннан соң белдеріне белбеу буындырып қойған. 12 келгеннен соң жататын орнына дәл жауырынның астына келетіндей етіп қос арқан керіп, соның үстіне жатқызған. Әр күні айнаға қаратып қасы-көзін, жүріс-тұрысын түзетіп отырған. Бұл қыздарды әсемдікке, мәдениеттілікке, ізгілікке тәрбиелейді. Есейгенде талшыбықтай бұралған, ақылына көркі сай сымбатты да сұлу бойжеткен болады.

 Әр отбасы қыздарына  киімнің торқасын кидіріп, аттың жорғасын, ер-тұрманның әдемісін міндіріп, шаштарын өріп, оған шолпы тағып, камзолдарының өңіріне маржан, моншақ тағып, үлде мен бүлдеге бөлеп өсірген. Сырға, білезік, шолпы тағудың өзіндік мәні бар: оны таққан қыз балалар жан сезімін сұлулыққа баулып, қимылдарын, жүріс-тұрысын көркемдікке дағдыландырады. Сонымен бірге, қыздар оғаш қимыл жасаса шашындағы, киімдеріндегі шолпы, шашбау, моншақтар салдырлаған жағымсыз дауыс шығарып, оқыс қылығын тежеуге мәжбүрлейді.

 Шолпы, шашбау - сәндік бұйымдардың ішіндегі талай сал-серілердің  мадақтауына ие болған ең романтикалық әшекей зат деуге болады. Ата-анасы әр қызына арнап шеберге әшекей бұйымдарға тапсырыс берген. Сондықтан болар,  түзде жүрген қызының қайсысы үйге келе жатқанын ата-анасы алыстан-ақ шашбауының сылдырынан таныған дейді. Әр қыздың шашбауының, шолпысының, сырғасының тек өзінің жүріс-тұрысына ғана тән керемет, өзгеше әуені болған.

Неліктен ата-бабаларымыз қыздарының қос бұрымына шашбау таққан? Өйткені ескі наным бойынша адамның жаны шашта болады екен. Естеріңізде болар, тарақты шашыңмен қоса кез-келген жерге тастап кетсең, әжелеріміз ұрсып алатын. Жын-періден аулақ болсын деген сеніммен  түскен шашты жинап алып, отқа тастататын. 

  Қазақ қыздары әрқашан білезік таққан. Кейде бір қолына тақса, кейде екі білегін сәнді білезікпен әшекейлеген. Халық шеберлері білезіктің жиегін айдахардың тісіне ұқсатып безендірген. Оның да мәні бар: жын-перілер жүрегікке білек арқылы өтіп кетпеу үшін осылай ырымдап жасалған білезік жамандықтан қорғайтын тұмар іспеттес. Тіпті ата-бабаларымыз күміс білезік пен сақина тақпай ас мәзірін дайындаған келіндердің тағамынан ауыз тимеген дейді.

  Қазақ халқы шолпы, білезік, жүзік, сақина сияқты сәндік бұйымдарды көбіне ақ күмістен жасатқан. Өйткені ақ күміс – адалдықтың, пәктіктің, береке-байлықтың символы деп санаған. «Алтын көрсе періште жолдан таяр» деп алтынның жолы ауыр, тұйық деп есептеп, алтын әшекейлерді көп тұтынуды қаламаған. Бұл келешек ұрпақтарды шексіз байлық қуудан, дүниеқорлықтан, орынсыз бәсекелесуден тыйып, керісінше нысаптылыққа, тойымдылыққа баулыған.

 

 

 

Дереккөзі: "Ағаш бесіктен жер бесікке дейін" атты кітап

 

0
түсініктер
Қазақ халқының әдет-ғұрыптары
Қарау
Дәстүрлі құндылықтар – азаматтық қоғам дамуының негізі
Қарау
Той малы 
 «Ата салтың – халықтық қалпың» демекші, өз жұртының қадір – қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын. Тындар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал, басқа елдерде жоқ дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс – тіршілігіндегі керемет салт &
Қарау
Шілдехана тойы
Қарау
Табақ тарту ережелері
Қарау
Бесік
Қарау
Қыз ұзату дәстүрі жайлы не білесіз?
Қарау