Ұлттық тәрбие

  Бұл тәрбиеде тәжірибелі аналар қыздарына ең алдымен кісілік, кішілік, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық, биязылық, тазалық, пәктік, ар-ұят, адамгершілік тәрбиесін жүргізумен қатар, ішіп-жеу, жүріс-тұрыс, іс-қимыл, тіпті махаббат, неке істеріне дейін кісіліктен аттамау, сергек, сезімтал болу тәрбиесін жүргізіп, қып еткенді сезе қоятын сергек, сезімтал болуды үйретеді. Ас ішкенде бір тізерлеп қырын отыру; ас-тағамды обырлана асамау, шай, қымыз секілді сұйық нәрселерді ішкенде сорпылдатып дауыс шығармау; тамақты қалыпты ішу, мәдениетті азықтану, жатқанда, ұйықтағанда бір қырынан жиналып, жамбастап жату, шалқасынан қалай болса солай ашылып, шашылып жатпау, қандай да қауіп-қатерден сақ болып, өзін сергек ұстау, сезімтал болуға дағдылану жөнінде мұқият тәрбие жүргізеді. Қалай отыру, қалай тұру, қалай жүру, қалай сөйлеу, қалай күлу, қалай барыс-келіс, алыс-беріс жасауға дейін ұғындырып әрі үлгі-өнеге көрсетіп отырады.

 

  Жоғарыдағылардан тыс, ұлағатты аналар әр жолғы бас қосулармен дастарқан бастарында қыздарына: «семіз қыз – жұт, арық қыз – құт», «ерте тұрған әйелдің бір ісі ілгері», «нәпсісін тежеген қыздың намысы қорланбайды», «елгезек қызды ел мақтайды», «бұрынғының қыздары бармағының шұңқырындағы асқа тояды» деген сияқты халық даналылықтарынан өсиет келтіріп, қыздардың тамақты аз жеп, аз ұйықтап, ерте тұрып, қомағайлыққа, нәпсіқұмарлыққа салынбай, ел-жұртқа үлгі-өнеге болып, сергек, сезімтал, іскер, сымбатты болып есею жөнінде ақыл-кеңес беріп, өнегелі, тәрбиелі, ар-ұятты, ізетті, ибалы, ақылына көркі сай болып жетілуге баулиды.

  Бұл тәрбие қыздардың психологиялық және медициналық жақтан ақаусыз өсіп-жетілуіне тамаша негіз қалап, рухани жақтан, сезімдік жақтан, ақылдық жақтан жан дүниесін кемелдендіріп, сезімтал, сергек етіп жетілдіреді.

 

Дереккөзі: «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін» атты кітап

0
түсініктер
Табақ тарту ережелері
Қарау
Бесік
Қарау
Қыз ұзату дәстүрі жайлы не білесіз?
Қыз ұзату – екі жастың алғашқы қадамы, отау құруға бастар жол, екі елдің арасындағы байланысты қалыптастыратын ертеден келе жатқан ескі дәстүр. Осы тұрғыда ата-ана үшін бұл күн бақыт, ерекше қуаныш, үлкен жауапкершілік. Қызын құтты орнына қондыру барысында артылар салмағы да ауыр, өзіндік жөн-жоралғылары жетерлік:   Қыз танысу дәст
Қарау
ЖЫЛУ
Қарау
Қыздарды әсемдікке баулу
Қарау
Қалжа туралы не білеміз?
Қарау
Қызға қырық үйден тиым
Қарау