Фаршталған омлет

Фаршталған омлеттің  дәмділігі өз алдына, әзірленуі де оңай. Бар болғаны ішіне салатын ингредиенттеріңіз бен 3-4 жұмыртқа  қажет. Салмасы үшін қызанақ, қияр, аскөк, көк жуа, ірімшік керек болады.

 

Алдымен, жұмыртқаны  алып, шанышқымен көпірішітіп алыңыз. Табаңыз  күйіп кетуден сақтайтын (антипригарный) болсын, табаға кішкене зәйтүн майын жағып алып қыздырыңыз.  Кейін  жұмыртқадан аздап құйып тұрып, екі жағын айналдырып құймақ тәріздес етіп пісіресіз. 3 жұмыртқадан 3 құймақша шықты.

Ендігі кезекте  ішіндегі салмасы, ол сіздің өз еркіңізде. Біреуіне қызанақ пен қияр, көк шөптер қосып , біреуіне ірімішік пен аскөк қосып әзірледім мен. Қалауыңыз білсін, қайсысын әзірлесеңіз де дәмді болатыны сөзсіз. Бірінші түрі үшін қызанақ-қияр, көк шөптерді ұсақтап турап  алып, жұмыртқаға салып, орама етіп  орайсыз. Екіншісінде, ірімішікті үккіштен өткізу керек те аскөкті турап қоясыз. Мұны да орау керек. Әзірге сіңісе тұрсын, жарты сағаттан соң оны турап, үстелге қоя берсеңіз болады.

Асыңыз дәмді болсын, әрдайым дұрыс тамақтана біліңіз.

 

 

0
түсініктер
Пеште пісірілген алма
Қарау
Пешке пісірілген тауық
Қарау
Ірімшіктен құймақ
Ірімшік құймағын әзірлеу үшін: жұмыртқа ірімшік ұн(сұлы немесе кез-келген) қажет болады. Алдымен, жұмыртқаны көпіршітіп алыңыз. Бір тарелка құймақ шығу үшін бір жұмыртқа да жетеді. Ірімшіктің бір қорабы қажет. Негізі,қолдың ірімшігін пайдаланғаныңыз жөн,суы ақпайды. Сұлы немесе кез-келген басқа ұнды алып 3-4  қасық қосыңыз. Ө
Қарау
Фаршталған омлет
Қарау
Керемет кешкі ас. Пешке пісірілген балық
Қарау
Асқабақ қосылған ботқа (каша)
Қарау
Пешке пісірілген картоп
Қарау