Керемет кешкі ас. Пешке пісірілген балық

Денсаулығыңызды   ойлайтын  болсаңыз,  дұрыс тамақтана білу керек екенін бірінші айтып отырғанымыз жоқ.  Оның ішінде  балық рационыңызда  аптасына  2-3 рет  болуы қажет. Бүгін дәмі балдай дәмді балықтың рецептін назаларыңызға ұсынамыз. Жеңіл әрі пайдалы.

Балықтан бөлек, қызанақ, ірімшік( сыр), дәмдеуіштер ғана керек. Алдымен,  кез-келген балықты алып, оны бөліктеп турап  аласыз. Сосын  қаңылтыр табаны майлап,  балықты салып,  дәмдеуіштер   қосыңыз. 

Қызанақты домалақтап турап, әрбіреуінің үстінен қойып шығу қажет.  Ірімшікті(сыр)  үккіштен өткізіп,енді  қызанақтың үстінен себіңіз.

Содан кейін табаның   бетін  фольгамен  жабыңыз (менде фольга  жоқ болғаннан кейін пергамент қағазымен жабуға тура келді) Духовканы 200  градусқа  қыздырып қойғаннан соң балықты  пешке  сала берсеңіз  болады.  20-25 минут ғана уақытты алады.

Асымыз әзір, асыңыз дәмді болсын!

 

0
түсініктер
Пеште пісірілген алма
Қарау
Пешке пісірілген тауық
Қарау
Ірімшіктен құймақ
Ірімшік құймағын әзірлеу үшін: жұмыртқа ірімшік ұн(сұлы немесе кез-келген) қажет болады. Алдымен, жұмыртқаны көпіршітіп алыңыз. Бір тарелка құймақ шығу үшін бір жұмыртқа да жетеді. Ірімшіктің бір қорабы қажет. Негізі,қолдың ірімшігін пайдаланғаныңыз жөн,суы ақпайды. Сұлы немесе кез-келген басқа ұнды алып 3-4  қасық қосыңыз. Ө
Қарау
Фаршталған омлет
Қарау
Керемет кешкі ас. Пешке пісірілген балық
Қарау
Асқабақ қосылған ботқа (каша)
Қарау
Пешке пісірілген картоп
Қарау