Пешке пісірілген картоп

 Барлығымыз майға қуырылған картопты көп жеуші едік, одан асқан дәмді тағам да жоқ болатын. Дегенмен, оның денсаулыққа пайдасынан зияны. Қуырылған картоп асқазан мен бауырға кері әсерін береді де ағзада xолестерин көбеяді, кейін іш қатып,тас пайда болады. Сондықтан, картопты жақсы көрсеңіз, дұрыс тамақтану бойынша баламасын пайдаланғаныңыз жөн.

 Хош иісті дәмдеуіштермен пешке пісірілген картоп. Ол үшін қалағаныңызша картоп алып, жақсылап аршып, пакетке салыңыз. Үстінен сарымсақты(чеснок) турап,зәйтүн майын қосыңыз.Пакетті орап, дұрыстап араластырасыз да дәмі кіруі үшін 30 мин,тіпті 1 сағатқа қойып қойыңыз. Содан соң картопты домалақтап турап, аздап майланған қаңылтыр табаға саласыз. Хош иісті дәмдеуіштер мен тұз себіңіз. Енді фольгамен екі қабаттап орап, картоптың бетін жауып қойыңыз. Дуxовканы ертерек 180 градусқа қыздыра бергеніңіз дұрыс, 30 минутта-ақ дайын болады. Асыңыз дәмді болсын!

 

0
түсініктер
Пеште пісірілген алма
Қарау
Пешке пісірілген тауық
Қарау
Ірімшіктен құймақ
Ірімшік құймағын әзірлеу үшін: жұмыртқа ірімшік ұн(сұлы немесе кез-келген) қажет болады. Алдымен, жұмыртқаны көпіршітіп алыңыз. Бір тарелка құймақ шығу үшін бір жұмыртқа да жетеді. Ірімшіктің бір қорабы қажет. Негізі,қолдың ірімшігін пайдаланғаныңыз жөн,суы ақпайды. Сұлы немесе кез-келген басқа ұнды алып 3-4  қасық қосыңыз. Ө
Қарау
Фаршталған омлет
Қарау
Керемет кешкі ас. Пешке пісірілген балық
Қарау
Асқабақ қосылған ботқа (каша)
Қарау
Пешке пісірілген картоп
Қарау