Дұрыс тамақтану бойынша «Ара» салаты

 Әрдайым дұрыс тамақтануды ұсынатын Анара Көкееванің мәзірінде бүгін «Ара» салаты. Өте дәмді, ал бастысы, пайдалы. Қызылшаны пісіріп дайындап қойсаңыз, асыққан сәтте өте ыңғайлы. Дайындалуы да оңай және тез.

 

 

Құрамы: алма, қызылша, жаңғақ.

 Ал іске кіріспес бұрын алма мен қызылшаны ортасынан бөліп алыңыз да, сол қалпында домалақтап турап шығыңыз. Содан соң кезек-кезек бір алма, бір қызылша қылып суреттегідей алмастырып қоясыз. Міне, жолақ түсті ара пайда болды. Енді үстінен сәндік үшін жаңғақ сепсеңіз де болады. Дәмді әрі пайдалы. Ас болсын!

(Үйдегілердің қалауы бойынша екінші жартысын қызылша мен алманы үккіштен өткізіп әзірледім.)

 

Сіздің денсаулығыңыз өз қолыңызда! Дұрыс тамақтануды ұмытпаңыз!

 

 

 

 

 

0
түсініктер
Пеште пісірілген алма
Қарау
Пешке пісірілген тауық
Қарау
Ірімшіктен құймақ
Ірімшік құймағын әзірлеу үшін: жұмыртқа ірімшік ұн(сұлы немесе кез-келген) қажет болады. Алдымен, жұмыртқаны көпіршітіп алыңыз. Бір тарелка құймақ шығу үшін бір жұмыртқа да жетеді. Ірімшіктің бір қорабы қажет. Негізі,қолдың ірімшігін пайдаланғаныңыз жөн,суы ақпайды. Сұлы немесе кез-келген басқа ұнды алып 3-4  қасық қосыңыз. Ө
Қарау
Фаршталған омлет
Қарау
Керемет кешкі ас. Пешке пісірілген балық
Қарау
Асқабақ қосылған ботқа (каша)
Қарау
Пешке пісірілген картоп
Қарау