Асқабақтан құймақ

 Асқабақтың үлкен-кішіге де берер пайдасы мол. А, С,Д, РР, К, тіпті, аз кездесетін Т дәрумені бар. Сонымен қатар, 90 пайызы судан тұрса да, аминқышқылы, глюкоза, клетчатка,пектин, көмірсу, ақуыз, калий , альций, мыс,цинк, марганец, фосфор,йод сынды бірталай пайдасы мол минералды заттарды құрамында сақтайды. Ішек жолдарының дұрыс жұмыс істеуіне көмектесіп, зат алмасуда өзіндік рөлге ие ұннан емес, асқабақтан құймақ әзірлеңіз. Дұрыс тамақтана отырып, сіз өз денсаулығыңыз бен болашағыңыздың өмірін қамтамасыз ететініңізді ұмытпағайсыз!

 Ендеше, Анара Көкеевамен бірге дұрыс әрі пайдалы асқабақ құймағын дайындап үйренейік!

 Құймақты әзірлеудің еш қиындығы жоқ. Азық-түлік мөлшерін өзіңіздің қажеттілігіңізге байланысты қосыңыз. Алдымен бізге жұмыртқа, асқабақ, сұлы ұны және пергамент қағазы керек болады. Бір ыдысқа асқабақты үккіштен өткізіп дайындап қоямыз. Кейін жұмыртқаны көпіршітіп болғаннан кейін оған үккіштен өткізілген асқабақты қосу керек.

 Бір-біріне жабысып байланысып тұруы үшін шамалы сұлы ұнын салып мұқият жақсылап араластырыңыз. Қоспа қоюлансын біраз. Оны қаңылтыр табаға салар бұрын ең бірінші, тамақ пісіруге арналған қағазды жайып алыңыз да үлкен қасықпен құймақты орналастырып шығыңыз. 180 градусқа духовканы қыздырып қоясыз. Не бары 20-25 минутта-ақ әзір!

  Және оны отта табаға да пісіруге болады. Сондықтан, қалғанын күюден сақтайтын табада жалғастырайын деп шештім. Сіздердің назарларыңызға суретте асты әзірлеудің екі түрі де көрсетілген болатын. Ерік өзіңізде, қалағаныңызша әзірлеңіз.

 

 Астарыңыз дәмді болсын! Ал қаймақ қосып жесеңіздер одан да дәмдірек.

 

0
түсініктер
Пеште пісірілген алма
Қарау
Пешке пісірілген тауық
Қарау
Ірімшіктен құймақ
Ірімшік құймағын әзірлеу үшін: жұмыртқа ірімшік ұн(сұлы немесе кез-келген) қажет болады. Алдымен, жұмыртқаны көпіршітіп алыңыз. Бір тарелка құймақ шығу үшін бір жұмыртқа да жетеді. Ірімшіктің бір қорабы қажет. Негізі,қолдың ірімшігін пайдаланғаныңыз жөн,суы ақпайды. Сұлы немесе кез-келген басқа ұнды алып 3-4  қасық қосыңыз. Ө
Қарау
Фаршталған омлет
Қарау
Керемет кешкі ас. Пешке пісірілген балық
Қарау
Асқабақ қосылған ботқа (каша)
Қарау
Пешке пісірілген картоп
Қарау