Мультиваркада ақсерке балығымен брокколи

 Өте дәмді ас әрі оңай әзірленеді. Ал ауыр тамақтан кейін жеуге жеңіл. Ол үшін әрине, дұрыс тамақтандыратындар үшін ең басты құрал-жабдық мультиварка ғана керек. Ал тағам құрамына келер болсақ, ақсерке балығы, брокколи және зәйтүн майы ,тұздығына 30 пайыздық кілегей, лимон қажет болады. Алдымен астың өзін дайындап алу үшін балықты турап, бөліп аламыз. Кейін оған зәйтүн майын жағып шығып, ақсеркені мультиварка ішіндегі буға арналған ыдысқа салыңыз. Ал өзінің ыдысына су құйып, бу режимін қосыңыз да 40 минут уақытты белгілеңіз. Пісуіне 15 минут қалғанда брокколиді мультиварка ыдысына сала беріңіз.

 Енді тұздығына келер болсақ, кілегейді қоюланғанша жай отта қыздырыңыз. Оған лимон шырынын сығып, бір араластырып қоямыз. Міне, тұздық та әзір болды. Астарыңыз дәмді болсын!

 

0
түсініктер
Пеште пісірілген алма
Қарау
Пешке пісірілген тауық
Қарау
Ірімшіктен құймақ
Ірімшік құймағын әзірлеу үшін: жұмыртқа ірімшік ұн(сұлы немесе кез-келген) қажет болады. Алдымен, жұмыртқаны көпіршітіп алыңыз. Бір тарелка құймақ шығу үшін бір жұмыртқа да жетеді. Ірімшіктің бір қорабы қажет. Негізі,қолдың ірімшігін пайдаланғаныңыз жөн,суы ақпайды. Сұлы немесе кез-келген басқа ұнды алып 3-4  қасық қосыңыз. Ө
Қарау
Фаршталған омлет
Қарау
Керемет кешкі ас. Пешке пісірілген балық
Қарау
Асқабақ қосылған ботқа (каша)
Қарау
Пешке пісірілген картоп
Қарау