Баклажан және көкөністерден әзірленген икра

Баклажан және көкөністер икрасын әзірлегеннің өзі дұрыс болғаны жөн. Өйткені, оның да дұрыс тамақтануда әсері мол. Еш қиындық тудырмайтын бұл әдісте ұзақ қайнатып отырудың қажеті жоқ. Бастысы өте дәмді әрі пайдалы.

Ал әзірлеу үшін :

  • Пияз,
  • тәтті бұрыш,
  • кәді,
  • баклажанды ірі қылып,
  • ал сәбізді жіңішкерек етіп тураңыз.

 

Қаңылтыр табаға салып,кішкене су сеуіп,дәмдеуіштер мен тұз қосыңыз.

Жақсылап екі бүктеп фольгамен орау керек те дуxовкаға 180 градусқа жіберіңіз. 40 минут тұрғаны жеткілікті.

Дуxовкадан алғаннан соң бетін ашып көкөністерді суытып қойыңыз. Оған шейін қызанақ,аскөк,сарымсақ (чеснок), кинзаны дайындап қойыңыз да ендігі кезекте икраны еттартқышқан өткізіп алыңыз.(Жоқ болса,блендермен де болады. Менде блендер ғана болды).

Сарымсақ, аскөктерді де еттартқыштан өткізіп,барлығын араластырып, дәмдейміз. Қалауыңыз бойынша,тұз,бұрыш, дәмдеуіштер қоссаңыз болады.Пісірудің де,қайнатудың да қажеті жоқ.

 

 

Асыңыз дайын!

 

0
түсініктер
Пеште пісірілген алма
Қарау
Пешке пісірілген тауық
Қарау
Ірімшіктен құймақ
Ірімшік құймағын әзірлеу үшін: жұмыртқа ірімшік ұн(сұлы немесе кез-келген) қажет болады. Алдымен, жұмыртқаны көпіршітіп алыңыз. Бір тарелка құймақ шығу үшін бір жұмыртқа да жетеді. Ірімшіктің бір қорабы қажет. Негізі,қолдың ірімшігін пайдаланғаныңыз жөн,суы ақпайды. Сұлы немесе кез-келген басқа ұнды алып 3-4  қасық қосыңыз. Ө
Қарау
Фаршталған омлет
Қарау
Керемет кешкі ас. Пешке пісірілген балық
Қарау
Асқабақ қосылған ботқа (каша)
Қарау
Пешке пісірілген картоп
Қарау