Түрік тәттісі «бахлава»

Бұл түрік тәттісін жасауға жүрексініп жүр едім. Сөйтсем, түк те қиын емес екен.  Оңай, әрі тез әзірленетін  әдісін ұсынып  отырмын.  Дайындап көріңіздер!


Қамырына: 

  • 3 стақан ұн 
  • 1 маргарин 
  • 1 стақан қаймақ 
  • 4 жұмыртқа сарысы 


Қамыр қопсытқыш (Разрыхлитель) 

Осыларды араластырып қамыр илейміз. Қамырды 3-ке бөліп тоңазытқышқа салып қоямыз. 


Салмасына: 

  • Жұмыртқаның ағы
  • 1 стақан қант  
  • Грек жаңғағы 


 Жұмыртқаның ағына 1 стақан қант  қосып, араластырамыз (миксермен). Содан соң қамырды алып, жаямыз. Бірінші қамырға салманы жағып, ұсақталған грек жаңғасын қойып шығамыз. Үстіне екінші қамырды жайып, салма, жаңғақ қосамыз. Үшінші қамырды да жайып, кесіп шығамыз. Бетіне ірі жаңғақтар қоямыз. Сосын пешке саламыз. 

Сироп: 

3-4 қасық балды жарты стақан сумен араластырып, газға  қайнатамыз. 
Пештегі бахлава пісуге жақындағанда сироп құямыз. Содан кейін  тағы 10 минуттай пеште піседі. 

Бахлава дайын.

 

 

Асыңыз дәмді болсын!

 

0
түсініктер
Қамыр илеу құпиялары
Қарау
Ұннан жасалатын тағамдардың көтеріліп піскенін қаласаңыз
Қарау
Ас үйіңізде тұруы керек 10 тағам
1. Бал. Иммунитетіңізді қатайтып, күш-қуатыңызды арттырады. Сонымен қатар ас үйіңізде бал тұрса, қантты ұмытуға да болады. 2. Банан. Жүрек аурулары мен инсульттің алдын алуға көп көмегін тигізеді. Және оның құрамында бұлшық етке пайдалы калий элементі бар. 3. Геркулес. Тамырларыңызды тазалап, асқазан, ішек ауруларынан сақтайды. 4. Саумалды
Қарау
Сәбіз салаты
Қарау
Ірімшік туралы не білесіз?
Қарау
Қызылша салаты
Қарау
Көңіл күйді жақсартатын тағамдар анықталды
Қарау