Шоколад қосылған чизкейк

Керекті заттар: 

  •  сүзбе 500-600гр 
  •  сгущёнка 1/3бөлігі 
  •  ванилин шым-шым 
  •  кілегей сүт (33-35%) 250мг 
  •  желатин 30гр 
  •  су 100мг 
  •  шоколад 1/2бөлігі 
  •  сүт 50мг 


 Дайындау жолы: 

 1. Желатинді суға салып, 20 минут қойып қоямыз. Сүзбені, ванилинді жəне қойытылған сүтті блендерге салып, ұнтақтап, езіп аламыз. Желатинді отқа қойып, араластырып тұрамыз. Бетінде көбіктер пайда болып, желатин еріген кезде оттан түсіріп, суытамыз. Кілегейді көбікті крем болғанша шайқаймыз. 

 2. Сүзбе қоспасына, кілегейді қосып ақырын араластырамыз. Үстіне желатинді құйып, араластырып, формаға дайын массаны құямыз. Оны 2-3 сағатқа тоңазытқышқа қоямыз. Шоколадқа сүтті құямыз. Отқа қойып, ерігенше араластырып тұрамыз. Оттан түсіріп, суытамыз. Сəл суыған шоколадты торттың бетіне құйып, жан-жағына жеткізе жағамыз. Оны қайтадан 1 сағатқа, қатқанша тоңазытқышқа қоямыз. Сосын, қалағанымызша безендіріп, дастарханға ұсынамыз.

 

Дереккөз: reactor.inform.kz

0
түсініктер
Шоколад қосылған чизкейк
Қарау
Қамыр илеу құпиялары
Қарау
Ұннан жасалатын тағамдардың көтеріліп піскенін қаласаңыз
Ұннан жасалатын тәтті тағамдарды немесе түрлі көкініс қосылған пирогты пісірген кезде оның барынша көтерілгенін қалаймыз. Ал бұл мақсатымызға қалай жетеміз? Арасына дүкеннен сатып алынған қамыр қопсытқышын саламыз. Сірке суына немесе лимон қышқылына езілген ас содасын қосамыз. Осы кейінгі әдісті пайдаланған кезде қамырымыз өзіміз қалағандай ет
Қарау
Ас үйіңізде тұруы керек 10 тағам
Қарау
Сәбіз салаты
Қарау
Ірімшік туралы не білесіз?
Қарау
Қызылша салаты
Қарау