Көңіл күйді жақсартатын тағамдар анықталды

 «Италиялық ғалымдар адамның көңіл күйін көтеретін тағамдар­дың рейтингісін жасады» деп хабарлайды Segodnya.ua. Алғашқы орын­ға фри картобы шығып отыр.

 Ғалымдардың айтуынша, фри адамды босаңсу мен демалу сезім­деріне бөлейді. Адамзатқа қуаныш сыйлайтын өнімдердің екінші орны торт, тәтті тоқаш, сүтті шоколад пен басқа да кондитерлік тағамдарға берілді. Бұл өнімдер қан құрамында серотонин биологиялық белсенді затын көбейтеді, серотонин «бақыт гормоны» деп те аталады.

Көңіл күй­ді көтеретін тағамдардың үшінші орнында – уылдырық.

Бұдан кейінгі орындарды ірімшік, ет, құс еті, сүт, жаңғақ және басқалары иеленіпті. Ғалым Лука Пассамонтидің айтуынша, бұл өнімдердің адамға көтеріңкі көңіл күй сыйлауының құпиясы – құрамындағы триптофан аминқышқылының әсері.

0
түсініктер
Ас үйіңізде тұруы керек 10 тағам
Қарау
Сәбіз салаты
Қарау
Ірімшік туралы не білесіз?
Соңғы кездері дүкен сөрелерінде бұрын атауы таңсық болған ірімшік түрлері пайда болуда. Сондай-ақ қазіргі ас мәзірлерінде де бұл өнім кеңінен қолданылып келеді. Ірімшікті дұрыс таңдау әрі сақтай білу – дәмді тағам дайындаудың кепілі. Сақталуы Ірімшікте пісіп жетілу процестері үздіксіз жүріп жатады. Сондықтан дұрыс сақталмаған жағдайда
Қарау
Қызылша салаты
Қарау
Көңіл күйді жақсартатын тағамдар анықталды
Қарау
Тәжірибелі аспаздардан 15 кеңес
Қарау
Тамағымның тұзы ащы...
Қарау