Жазғы салат

 Жаздың аптап ыстығында, тамақ жеуге де жасауға құлық танытпайтынымыз рас. Жеңіл салаттар жасап, көбірек сусын ішуді құп көресіз! Төмендегі әдіспен әзірленетін салат өте тойымды. Әрі  үнемі үйден табылатын азық-түлікті ғана қажет етеді.

 

Құрамы:

  • 200гр ірімшік
  • Тауық еті
  • 2-3 қияр
  • Батон нан
  • Салат жапырақтары
  • Көк пияз
  • 3 ас қасық май
  • 2 ас қасық сірке суы
  • Сарымсақ
  • Тұз
  • Бұрыш

 

Салаттың дайындалуы:
 Тауық етін пісіріп аламыз. Батон нанның ортаңғы жағын алып тураймыз. Туралған нанды табаға салып майсыз қуырамыз. Ірімшікті үккіштен өткіземіз. Тауық етін сүйегінен ажыратып алып майдалап тураймыз. Қиярды да үккіштен өткізіп, салат жапырақтарын бөліктерге бөлеміз. Көк пиязды турап аламыз. Барлық қоспаларды ыдысқа саламыз. Салатқа тұз, бұрыш, сарымсақты үкіштен өткізіп саламыз, өсімдік майын қосып араластырамыз. Қуырылған нанды ең соңынан немесе дастарханға қояр алдын қойсаңыз болады.

 

Ас болсын !!!

0
түсініктер
Жаңа жылдық жеміс салаты
Қарау
Итальянша тауық етін даярлау!
Қарау
Қақталған тауық еті мен ерітілген ірімшіктен дайындалған дәмді сорпа
Қақталған тауық- 300 гр Ерітілген ірімшік – 3 қасық Картоп - 3 дана Сәбіз - 1 дана Пияз - 1 дана Аскөк – бетіне арнайы себу үшін Тұз және т.б дәміне қарай Өсімдік майы – қуыру  үшін   Қақталған тауықты қайнатамыз, піскеннен кейін сорпадан алып, тураймыз. Сосын сорпаға қайтадан саламыз. Картопты төрт
Қарау
Дәмді day
Қарау
Тауық етімен жұмыртқа құймағынан сорпа
Қарау
Жазғы салат
Қарау
Түрік тәттісі «бахлава»
Қарау