Жолы болмайтындарға кеңес

Жолы болмай, үнемі сәтсіздікке ұшырап жүретін жандар өзгелерге қызыққыш келеді. Кейбірі өздерінің сәтсіздігін сеніммен байланыстырып қояды. Мысалы, «9» деген сан – мен үшін сәтсіз сан, маусымның тоғызы күні жолға шықпаймын» дейтіндер достарыңыздың қатарынан табылатын болар. Өзгелерді қызықтырғысы келетін, жалған сенімдерін айналып өткісі келетін жандарға мына кеңесті ұсынамыз. 


1. Өзгелердің жетістігін өз еңбегімен келді деп ойлай бермеу 

Себебі, жетістіктер еңбекпен келетін болар, бірақ олардың кейбірі сәттіліктің үлесінде. Көптеген адам «Пәленшенің жағдайы керемет, еңбектеніп тауып алды, бізден қайыр жоқ» деп біреудің жетістігіне қызыға қарап жүреді. Жетістікке жеткен адам «бұл жай ғана сәттілік» деп, еңбегін жоққа шығарғысы келмейді. Орман ішінде бір ағаш биік болып өсіп тұрса, оның сырын үнемі суарып жүрген бақташының еңбегін елеп жүреміз. Бірақ, тал сол жерге емес, топырағы құнарлы емес жерге отырғызылса, бұл осылай өсер ме еді? Емен ағашының өзге ағаштардан биік болып өсуі үшін қандай жағдай орын алу керектігін анықтап көрейікші: 

  • құнарлы жерге отырғызылуы керек; 
  • өзге ағаштар күн сәулесін алуға бөгет келтірмеуі тиіс; 
  • жануарлар мен отыншылар тиіспеуі керек. 


 Сәттілік әр адамның жанында жүреді, оны ұстап, уысынан шығарып алмайтын бар және сол сәттілікті мәнісін түсінбей, пайдасына асыра алмайтындар да аз емес. Сол үшін өзгенің еңбегі мен сәттіліктерін санауды доғарңыз. 

2. Кәсіби маман атану үшін 10000 сағат тәжірибеден өту керек. Демек, 10 жыл 3 сағаттан үнемі дайындалу керек. 

  • тоғыз жылда – аптасына алты сағаттан; 
  • он екі жылда – аптасына сегіз сағаттан; 
  • он төрт жылда – аптасына он алты сағат тәжірибеден өткен дұрыс. Еңбек ету әсте оңай емес, бірақ қызығушылықпен жасаса, бағындырмайтын белес жоқ. 


3. Жоғары дәрежедегі зияткерлік үнемі жетістікке жеткізе бермейді 

 ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында Стэнфорд университетінің Льюис Термен профессоры өмір жолында зияткерлігі жоғары мың жарым балаға сырттай зерттеу жүргізген екен. Олар тест кезінде 140-тан 200-ға дейін жинап жүрген. Профессор олардың өмір жолын зерттеп, әрқайсысына құжат ашып, деректерді жинап жүрген. Ол зерттеу қорытындысында зияткерлік адамды үнемі жетістікке жеткізбейтінін айтқан. Нысанасындағы адамдар ғылымда, прозада, заңгерлік ортада ірі тұлғаға айналса, енді бірі басқару органдарында қызмет атқарған екен. 

 Енді бірі өмірден өз орнын таба алмай жүріпті. Бір қызығы профессор зерттеп жүрген адамдардың ішінде Нобель сыйлығын алғандар болмаған. Керісінше Термен зияткер деп мойындамаған Уильям Шокли, Луис Альварес есімді азаматтар аталған сыйлықты иемденген. Демек, IQ-тесттен алып шыққан 120 ұпай адамның тағдырын шешпейді.

 

Дереккөз: vk.com

0
түсініктер
Әмиянды дұрыс таңдап үйреніңіз 
Қарау
Компот қайнатудың қағидалары
Қарау
Мамандардан кеңес:
Кәсіби модель болмасақ та, дәл солар секілді бәріміздің суретке әдемі түскіміз келетіні анық. Кей жағдайларда мінсіз сымбатымызға қарамастан, суреттен семіз көрінеміз. Мұның себебі камераның адамды көлемді етіп көрсетуінде. Суреттеріңіз ойдағыдай шықсын десеңіздер, бірнеше кеңестерімізді пайдаланыңыздар. Ал кеңестерімізді оқымас бұрын, өз-өзің
Қарау
Бойыңыз қысқа болса...
Қарау
Бала тәрбиесі: қоғамдық орындарда өзін ұстауға үйрету
Қарау
Бақытты болу үшін күніне қандай үш сөзді айту керек?
Қарау
Балалармен үй жануарлары
Қарау