Күйзелістен құтылудың оңай әрі тиімді жолдары 

Өмір болғасын талай келеңсіз оқиғалар орын алып, күйзеліске ұшырайтын сәттер кездесіп тұрады. Осындай кездерде өмірден түңіліп, түрлі іс-әрекетке баратын адамдар да аз емес. Сондықтан біз бұл жазбамызда күйзелістен құтылудың қарапайым, оңай әрі тиімді жолдарын атап өткіміз келіп отыр. 


1. Тарақ. Күні бойы монитордың алдында отырсаңыз, бұлшық етіңіздің бәрі шаршап, басыңыз ауыра бастайды. Мұндай кезде 10-15 минут шашыңызды тарағаныңыз дұрыс. Себебі шашыңызды тарау арқылы денеңізге қан таратып, бұлшық етіңізді босаңсытасыз. 

2. Балық немесе банан мен балмұздақ жеңіз. Керемет көңіл-күйіңізді сақтап, күйзелістен арылуға майлы балық көмектеседі. Өйткені оның құрамында жүйке жүйесіне өте пайдалы омега-3 қышқылы бар. Ал егер балық жей алмайтын болсаңыз, банан немесе балмұздақ жеңіз. Олар да балықтан кем әсер етпейді. 

3. Тазалық сақтаңыз. Киімдеріңізді орын-орнына салу арқылы өз-өзіңізді де реттеп аласыз. Себебі тап-таза бөлме, тиянақты жинаулы шкаф, сөре сіздің психологияңызға мол әсер етеді. 

4. Душқа түсіңіз. Келеңсіздіктерден құтылу үшін 15 минуттық душқа түсуге де болады. Басыңыздағы барлық керек емес затты жылы судың қалай шайып алып кететінін байқамай қаласыз. 

5. Алақаныңызды бір-біріне үйкеңіз. Бұл да күйзелістен құтылудың қарапайым жолы. Әбден ыстық болғанша бар күшіңізбен алақаныңызды бір-біріне үйкеңіз. Сонымен қатар құлағыңызды да ысқылаған пайдалы. Сонда сіз есіңізді жиып, жұмысқа кірісе аласыз. 

6. Бояулар. Психолог мамандар суреттерді бояу барысында көңілсіздікті мүлде ұмытып кетуге болатынын айтады. Сонымен қатар тек қана күйзелістен құтылып қоймай, бір үздік туынды жасауыңыз мүмкін. 

7. Билеңіз. Міндетті түрде бөлмеңізді басыңызға көтеріп билеңіз. Себебі көңіліңіз қалаған әуезді әндер мен ырғақты қимылдар күйзелістен арылуға көмектеседі. Фитнес-клубтардағы жаттығуларға қарағанда би билеу оңай әрі тиімді.

 

Дереккөз: vk.com

0
түсініктер
Күнге күйіп қалғанда не істеу керек?
Қарау
Әйел энергиясын қалай көтеруге болады?
Қарау
Барлық іске қалай үлгеруге болады?
Әр әйелдің мойнында бітпейтін жұмыс бар. Тамақ әзірлеу, балаға қарау, жұмыс істеу, үй жинау және т.б. Осының бәріне қалай үлгеруге болады? Кеңесімізге құлақ түріңіз. 1. Істеріңізді маңыздылығына қарай бөліңіз Ең алдымен біріші кезектегі, маңызды істерді орындаңыз. Аптықпаңыз, абыржымаңыз. Басқаларын кейінге қалдырыңыз немесе өзгелерге тапсыры
Қарау
Алтын және зергерлік бұйымдар туралы 5 миф
Қарау
Демалыста балалардың дұрыс тамақтануын қалай қамтамасыз етуге болады?
Қарау
Адамға қанша дос керек? 
Қарау
Ақылды болсаң, неге кедейсің? 
Қарау