Таңғы кеңес: оянудың сырлары

 Денсаулықтың мықты болуы, күннің сәтті басталуы, күні бойы сергек, көңілді жүрудің кілті – жақсы ояну. Ояну жаңа күннің керемет бастамасы болу үшін, таңмен, тіпті төсектен тұрмастан мынандай жаттығуларды жасауды әдетке айналдырыңыз


 Оянған сәтте көзіңізді қайта жұмып, алақандарыңызбен құлақтарыңызды қысып, жоғары-төмен 20 рет айналдырыңыз. Бұл қарапайым жаттығу самайдағы қан айналымын реттеп, оятады. Сонымен қатар бұндай жаттығуды күнделікті жасау көз, тіс саулығына жақсы әсер етіп, бет терісінің жағдайы мен түсін жақсартады. 

 Оң қолыңызды маңдайға қойып, үстінен сол алақанмен жабыңыз. Қолдарыңызбен екі шетке 20 рет қозғалтыңыз. Бұл жаттығу сізді күні бойы бас ауруынан сақтайды. 

 Көзіңізді жұмып, бас бармақпен көздің үстін 15 рет уқалаңыз. Бұл жаттығуды өте абай болып жасаған жөн. Жаттығу нәтижесінде көру қасиеті жақсарып, жүйке жүйесі реттеледі. 

 Жатқан бойда аяқты тізеде бүгіп, алақандарыңызды ішке қойыңыз. Сағат тілі бойынша қолдарыңызды 30-40 рет айналдырыңыз. Бұл "іш массажы" асқорыту жүйесін реттеп, іш бұлшық еттерін берік қылады. Бауыр саулығына да оң әсері бар. 

 Тура осылай жатып, қолдарыңызды іштен алыңыз. Қарынды ішке қарай барынша тартып, қайта шығарыңыз. 20 рет қайталанған бұл жаттығу қан мен өттің тұрып қалмауына кепіл бере алады. Сонымен қатар бауыр, бүйрек және жалпы асқорыту жүйесін реттейді. 

 Тізеде бүгілген аяқтарды кеудеңізге тақап, қолыңызбен құшақтап алыңыз. Қайта түзулетіп, жаттығуды қайталаңыз. Бұл жаттығу кеудені, ішті жаттықтырады. 

 Бұл жаттығулар жиынтығының соңында аяқ массажын істеген жөн. Бұл жалпы күні бойы аяқтарыңыз шаршамай жүруіне көмектеседі. 

 Біз ұсынған жаттығуларды жасап болғаннан кейін бір керіліп, тартылып, орныңыздан тұрып, жаңа күнді бағындыруға ниеттеніңіз.

 

Дереккөз: vk.com

0
түсініктер
Күнге күйіп қалғанда не істеу керек?
Қарау
Әйел энергиясын қалай көтеруге болады?
Қарау
Барлық іске қалай үлгеруге болады?
Әр әйелдің мойнында бітпейтін жұмыс бар. Тамақ әзірлеу, балаға қарау, жұмыс істеу, үй жинау және т.б. Осының бәріне қалай үлгеруге болады? Кеңесімізге құлақ түріңіз. 1. Істеріңізді маңыздылығына қарай бөліңіз Ең алдымен біріші кезектегі, маңызды істерді орындаңыз. Аптықпаңыз, абыржымаңыз. Басқаларын кейінге қалдырыңыз немесе өзгелерге тапсыры
Қарау
Алтын және зергерлік бұйымдар туралы 5 миф
Қарау
Демалыста балалардың дұрыс тамақтануын қалай қамтамасыз етуге болады?
Қарау
Адамға қанша дос керек? 
Қарау
Ақылды болсаң, неге кедейсің? 
Қарау